Әлеуметтік желіде мейрамханада өткен бас қосуда жастар арасында «Кімнің несиесі көп?» деп ойын ойнап, қарызы көп адамды анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жанна есімді қыз ай сайын 175 мың теңге төлейтіні белгілі болды. Оның несиесінің жалпы сомасы - 2 млн 184 мың теңге. Одан кейінгі қыз банкке 528 мың теңге қарыз екенін айтты.
Сонымен қатар, желі қолданушылары да өздерінің несиесі қанша екенін жазып жатыр.
"Несиемен жарысатын болдық па?", "Мақтанатын нәрсе емес", "Менде 9 млн теңге ғой", "Айына 530 мың теңге төлеймін", "34 млн бар", - деп жазып жатыр желі қолданушылары.
@baaqytqyzyy Кредитым арқасында науашник ұтып алдым🤣🤣#рек #рекаминдации ♬ оригинальный звук - Асел|Мобилограф|Алматы