Үкіметте бизнеске әкімшілік жүктемені азайту жөніндегі жиын өтті

12 Қазан 2022, 09:41 850

 Бұл туралы primeminister.kz сайты мәлімдеді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен бизнеске әкімшілік жүктемені азайту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды El.kz. 

Кеңесте Мемлекет басшысының кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан бастап» реттеуді енгізу, сондай-ақ мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін автоматтандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау барысы талқыланды.

Мәселен, бүгінгі таңда бірінші кезең аясында қызметтің 17 саласында реттеуші актілерді талдау аяқталды. Енді бизнеске қойылатын негізсіз талаптарды жою үшін мемлекеттік органдар заңға тәуелді (2022 жылдың соңына дейін) және заңнамалық (2023 жылдың наурызына дейін) актілерге өзгерістер енгізетін болады.

Одан бөлек, бекітілген жоспар-кестені іске асырудың екінші кезеңі аясында биылғы желтоқсанға дейін кәсіпкерлік қызметтің тағы 11 саласында реттеуші актілерге талдау жүргізілетін болады.

Кеңес қорытындысы бойынша Ерұлан Жамаубаев тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және салалық тәуекелдер матрицасын қалыптастыруды қоса алғанда, барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.



Бөлісу: