Үкімет басшысы ҚХР Төрағасының орынбасарын күтіп алды

12 Қазан 2022, 20:41 795

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов елорда әуежайында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысу үшін Астана қаласына келген Қытай Халық Республикасы Төрағасының орынбасары Ван Цишаньді қарсы алды, деп хабарлайды El.kz

Айта кетейік, 12-13 қазанда Астанада Қазақстанның төрағалығымен АӨСШК құру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді.

Ауқымды саяси іс-шараға мүше мемлекеттердің, бақылаушы мемлекеттердің, бақылаушы ұйымдардың және серіктес ұйымдардың бірінші басшылары шақырылған. Барлығы 50-ге жуық делегация келеді деп күтілуде.

Бөлісу: