Үкімет басшысы электр қуатының тапшылығына қатысты тапсырма берді

18 Қазан 2022, 09:51 1294

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды

Үкімет отырысында Әлихан Смайылов электр энергетикасын дамыту жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды El.kz

«Қазіргі кезде электр қуатының тапшылығы көрші елдердің энергия жүйесі арқылы шешіліп келеді. Энергетика министрлігі «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, жыл соңына дейін энергияны тұрақты түрде жеткізуді қамтамасыз етуі қажет. Энергетика министрлігі салаға ең көп салмақ түсетін маусымдық кезеңдерде қажетті маневрлік қуаттарды ұлғайту шараларын қабылдасын. Ұлттық экономика, Энергетика, Индустрия министрліктері мен «Самұрық-Қазына» қоры қазан айының соңына дейін «инвестиция орнына тариф» саясатын іске асырудың нақты механизмін ұсынсын. Энергетика министрлігі электр және жылу энергиясына «әділ тарифтерді» кезең-кезеңімен белгілеу шараларын қабылдасын. Әлемдік тәжірибені ескере отырып, көмір жағатын электр станцияларынан зиянды заттарды азайту және оларды кәдеге жарату технологияларын әзірлеп, қолданысқа енгізу қажет», - деді Премьер-Министр.

Бөлісу: