Әкімдіктердің грантына өтінім қабылдау жүріп жатыр

15 Тамыз 2022, 10:16 1187

Өтініштерді жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары қарайды

Әкімдіктердің грантына өтінім қабылдау жүріп жатыр,– деп хабарлайды El.kz.

Жергілікті атқарушы органдардың білім беру гранттарына құжат қабылдау 10 тамызда басталды.

Өтініштерді жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары қарайды.

ҚР ҒЖБ баспасөз қызметінің мәліметінше, еліміз бойынша 3 мыңға жуық грант бөлінген. Негізінен әкімдіктерге педагогтер, медицина қызметкерлері және ауыл шаруашылық саласының мамандары қажет. Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын талапкерлерге ерекше көңіл бөлінеді.

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына мына құжаттарды тапсырады:

- білімі туралы құжат;

- ҰБТ сертификаты;

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

- жеңілдік санатын растайтын құжаттар.

Автор:Сауле Сарбасова

EL.KZ
Бөлісу: