«Кім таяқ жемей жатыр». Танымал әнші халықтан кешірім сұрады

17 Маусым, 00:42 9294

«Меломен» тобының әншісі Қайрат Мырзаханов әлеуметтік желідегі парақшасында халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі ойын дұрыс жеткізе алмағанын айтты.

Көпшілігі "кім таяқ жемей жатыр" деген менің сөзіме наразы болып, "өзіңіз де әйеліңізді ұрасыз ба" деп жатыр. Жоқ, құрметті достар. Ойланып қарасақ, мен дұрыс жеткізбеген шығармын. Алайда бұл сөз зорлық-зомбылықты қолдаймын деген сөз емес. Әпкем-қарындасым бар, әйелім, тәп-тәтті қызым бар. Мен бұл нәрсені ешкімге қаламаймын. Сондықтан ер-азамат ретінде хақыларыңызға өтіп кетсем, бұл сөз арқылы кешірім сұраймын. Қоғамда бәрі ұрыс-керістен ажырасып жатыр. Сондай мағынада бұл сөзді айтқан едім, - деді әнші.

Айта кетейік, «Меломен» тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі Нұрилла Ақберген әлеуметтік желідегі парақшасында экс-күйеуі ұрған соң іскен бетін көрсетіп, видео жариялаған еді.

Зарина Арман
Бөлісу: