«Кім мені қуана қарсы алады?». Мейрамбек Беспаевтың әйелі оқырмандарымен сырласты

15 Ақпан, 10:43 8412

Танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың жары Мархабат әлемуеттік желідегі парақшасында оқырмандардың сауалына жауап берді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Әншінің жары алғаш танысқан кездегі суретті жариялап:

2002 жыл, желтоқсан айы. Біздің алғаш танысқан күніміз. Қыз бен жігіт болып жүрген кездегі фотолар аз. Солардың бәрінің басын құрап, фотосалоннан шығару керек еді, – деп жазды.

Сонымен қатар Мархабат «әнші ауырғанда әйелі тастап кетті» деген өсекке де нүкте қойды.

Мейрамбек ауырған кезде әйелі тастап кетіпті деген сөз жалған. Үйленген күннен бастап, күні бүгінге дейін тастаған емеспін. 20 жылдан аса уақыт бірге келеміз. Өздеріңіз ойлаңыздаршы, ауырған кезде тастап, жазылған кезде келетін болсам, кім мені қуана қарсы алады, – деп жансырын ақтарды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: