Ким Чен Ынның қарындасы Оңтүстік Кореяға «жойқын апат» болатынын айтып ескерту жасады

14 Қазан, 10:26 795

КХДР көшбасшысының қарындасы Ким Ё Чон Оңтүстік Кореяға қауіпті апат күтіп тұратынын айтып қорқытты. Ким Ё Чонға көршілерінің Пхеньянға дрондар жібергені ұнамаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оңтүстік Кореяның ұшқышсыз ұшақтары біздің аспанымыздан көрінген сәт жойқын апатқа алып келеді. Егер Оңтүстік Кореяның саяси қоқыс тасыған дрондары шекарадан өткен сәтте, біз нақты шешімдер қабылдаймыз, - деп мәлімдеген ол.

The Times дерегінше, Сеул көршісінің аумағында насихат қағаздарын жіберген. Ал КХДР мұның соңы қарулы қақтығысқа әкеп соғатынын ескертті.

Бастапқыда Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі Ким Йон Хен қалаға ұшқышсыз ұшақтар жіберілгенін мойындамағанымен, кейіннен біріккен штаб басшылары КХДР-ның бұл мәлімдемесін жоққа да шығармайтынын, растамайтынын да алға тартты.

Ал Солтүстік Корея кек қайтару мақсатында қоқыс салынған мыңдаған әуе шарын шекарадан асырған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: