Киіктердің егіс алқаптарына келтірген залалы сақтандырылмайды - АШМ

25 Шілде 2023, 22:00 961

Ауыл шаруашылығы министрлігі Батыс Қазақстан облысы шаруа қожалықтары мен жергілікті тұрғындарға киіктің таптауынан келтірілген залалды өтеу механизмін қарастыру мәселесіне қатысты депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Ауыл шаруашылығы егіс алқаптарына, жайылымдар мен шабындықтарға киіктердің таптауынан келтірілген залал бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өтемақы төлеу әдістемесін әзірлеу мәселесі Қазақстан Репсубликасы Экология және табиғи ресурстар министрлігімен әзірленген Қазақстандағы киіктердің таралымдарын басқару жөніндегі жол картасының «Жайылымдар мен шабындықтарды жабайы жануарлармен зиян келтіруден сақтандыру тетігін әзірлеу туралы» 3-тармағын және «Дәнді дақылдарды жабайы жануарлармен зиян келтіруден сақтандыру тетігін әзірлеу туралы» 4-тармағын орындау мақсатында жүзеге асырылуда.

Өз кезегінде, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 1-тармағына сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыруды дамытуды мемлекеттік қолдау сақтандыру сыйақыларын субсидиялау арқылы жүзеге асырылады. Алайда, киіктер егіс алқаптарына, жайылымдар мен шабындықтарға келтірген залалды сақтандыру бойынша бүгінгі күні бекітілген сақтандыру өнімдері жоқ екенін атап өту қажет.

Бүгінгі таңда, Министрлік сақтандыру өнімдерін әзірлеу бойынша агроөнеркәсіптік кешенді сақтандыру саласындағы оператор, яғни «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мен жұмыс жүргізуде. Қоғам өз кезегінде мәселені «Агросақтандыру Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігімен пысықтауда.

Бұл ретте, Қауымдастықтың ақпаратына сәйкес сақтандыру компанияларының киіктердің егістікті, шабындықтар мен жайылымдарды зақымдауынан тәуекелдерді сақтандыру бойынша өнімді әзірлеу адам факторының әсер ету қаупінің жоғары болуына, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, осы процесті әкімшілендірудің күрделілігіне, әлемдік тәжірибеде және қолданыстағы заңнамаларда осы бағыттағы залалдарды сақтандыру өнімінің болмауына, сапалы статистика мен қажетті инфрақұрылым (метеостанция) қажеттігіне байланысты мүмкін болмай отыр.

Мал азығын дайындау үшін республикалық бюджеттен жедел түрде субсидия бөлуге қатысты Қалыптасқан киік бойынша мәселенің шешімінің бірі ретінде Министрлік Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары (Қағидалар) шеңберінде шабындықтар мен жайылымдықтар үшін пайдаланылатын жерлерден киіктердің таптауы салдарынан мал азығын дайындай алмаған ауыл шаруашылығы құрылымдарына қолдау көрсету мәселесін қарастыруда.

Бұл ретте, Қағидаларға сәйкес азық шығындарының құнын субсидиялау тек жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатынын атап өткен жөн.

Перизат Саденова
Бөлісу: