Украина полициясы Айдос Садықты өлтірмек болған екі қазақстандық азаматты ұстады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Олардың біреуі – 33 жастағы Мейрам Қаратаев, екіншісі – 36 жастағы Алтай Жақанбаев.
Мейрам Қаратаевқа қатысты: оның 2019 жылдың қаңтар айында ішкі істер органдарынан босатылғанын және қазіргі уақытта полиция қызметкері емес екенін хабарлаймыз. Қазір біз Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес істің барлық мән-жайларын анықтау бойынша тиісті жедел іс-шаралар жүргізудеміз. Осы жұмыстың нәтижелері бойынша қосымша ақпарат беріледі, - делінген ІІМ хабарламасында.
Айдосы Садықтың әйелі Натальяның сөзінше, Мейрам Қаратаев ІІД қызметкерлер арасында оқ ату жарысында бірінші орынды иеленген.
Наталья Садықова украиналық полицейлерге құрметінің шексіз екенін жеткізді.