ХІІ. Жиырмасыншы Мундиаль!

19 Мамыр 2014, 12:04

Азия құрлығында футболы дамыған елдердің көш басында Жапония мен Оңтүстік Кореяның тұрғаны белгілі. Бүгінгі әңгіме «С» тобындағы Жапония жайлы болмақ.

Азия құрлығында футболы дамыған елдердің көш басында Жапония мен Оңтүстік Кореяның тұрғаны белгілі. Бүгінгі әңгіме «С» тобындағы Жапония жайлы болмақ.

Бразилияда өтетін футболдан Әлем чемпионатының топтық кезеңдегі күнтізбесін, матчтың өтетін орнын оқырман назарына ұсынуды жөн деп таптық. 

Жапония құрамасы

Бас бапкер: Альберто Дзаккерони

Команда капитаны: Макото Хасэбэ 

Ең көп ойын өткізген ойыншы:  Ясухито Эндо (138)

Ең көп гол соққан ойыншы: Кунишиге Каммото (77)

ФИФА рейтінгісіндегі орны: 37

 

Жапония – сары құрлықтағы ең жүлдесі көп құрама. Олар осы уақытта дейін Азия кубогында төрт рет ұтып алған. Сондай-ақ 2002 және 2010 жылдары әлем чемпионатының 1/8 финалына дейін жеткен. 2001 жылы Конфедерация кубогының ақтық сынына өнер көрсеткен.

Жапония құрамасын әдетте Сакка Ниппон Дайхе, Ниппон Дайхе деп атайды. Ресми түрде айтылатын лақап аттары жоқ. Олар көбінесе құраманы жаттықтырған бас бапкердің атын қосып атайды. Мысалы, Таэкси Окады жаттықтырған тұста «Okada Japan» деп айтылған еді.

Жапондықтар 1968 жылы Мехико Олимпиадасында қола медаль жеңіп алған болатын. Бұл олардың футболдағы алғашқы ірі жетістіктері саналады. Бірақ, алғашқы әлем чемпионатттарына арада 30 жыл өткенеде ғана қатысты. Төртжылдықтың басты додасына бірінші рет 1998 жылы  жолдама алған еді. Алғашқы сапарлары аса сәтті бола қоймады. Франциядағы доданың топтық кезеңінде барлық ойында жеңіліп қалды.

Жапония футболының соңғы жылдары қарқын алуына мемлекеттің 90 жылдардың басында аталған дамытуға бағытталған жоспарының өз жемісін беруінде болып отыр. 1991 жылы Жапония футбол лигасы жартылай кәсіпқой лиганы кәсіби лига ретінде қайта құрды. Сол жылы «J лига»  дүниеге келген болатын. 1993 жылдан бері бұл жүйе өзінің нәтижесін бере бастады. Сол жоспарда ішкі біріншілік пен қатар ұлттық құраманы да күшейту қарастырылды.

Жапондықтар 2002 жылы Кореямен бірлесе отырып әлем біріншілігін өткізді. Бұл – сары құрлықта өткізілген алғашқы мундиаль.  Самурайлар  топтық кезеңде Тунис пен Ресейді жеңіп, Бельгиямен тең түсті. Ал плей-оффта осы турнирде қола жүлде алған Түркиядан ұтылып қалды. Дзюнъити Инамото, Такаюки Судзуки, Хидэтоси Наката бастаған футболшылар өз жеріндегі додаларда аянып қалмады.

Жапония 1998 жылдан бері осымен бесінші рет қатарынан әлем чемпионатына қатысқалы отыр. Бұл елдің футболшылары соңғы 15 жылда өздерін сары құрлықта ғана емес, Еуропада да дәледеп жүр. Көптеген ойыншылар қарт құрлықтың атақты клубтарында өнер көрсетеді. 

Жапониядан Еуропаға сапар шеккен алғашқы ойыншы Хидэтоси Наката болатын. 1998 жылы Еуропадағы карьерасын Италияның «Перуджи» сапында бастады. Одан кейін «Рома», «Парма», «Болонья», «Фиорентина», «Болтон» клубтарында өнер көрсетті. Накатадан соң, Дзюнъити Инамото, Синдзи Оно, Даисуке Мацуи, «Селтиктің» жұлдызы болған Сунсуке Накамура, Макото Хасебе, Кейсуке Хонда, Ацута Учида, Синдзи Оказаки, Синдзи Кагаву, Такаши Усаме, Рио Миячи болып жалғасып кете береді.

Қазіргі құрам

Жапония құрамасын 2010 жылғы әлем чемпионатынан кейін Альберто Дзаккерони жаттықтырып жүр. Қақпаны күзету негізінен бельгиялық «Стандард» клубының қақпашысы Э́йдзи Кавасиманың мойнында. Одан бөлек Сюсаку Нисикава, Сюити Гонда бар. Қорғаныстың сол қанатында «Интер» ойыншысы Юто Нагатомоның қорғаушылар арасында шоқтығы биік. Оң қапталда Ацуто Утида («Шальке-04»)  өнер көрсетеді. Қорғаныстың орта тұсында бас бапкер тәжірибелі Ясуюки Конно мен Юити Команоға сенім артатын болады.

Футболда жартылай қорғаушылар команданы негізінен алға сүйреушілер болып табылады. Жапонияның жартылай қорғанысындағы Макото Хасэбэ  («Нюрнберг»), Хадзимэ Хосогай («Байер 04), Кэйсукэ Хонда («Милан»), Си́ндзи Кагава («Манчестер Юнайтед»), Кэнго Накамура («Кавасаки Фронтале») секілді ойыншылары құраманың басты үміттері болып табылады. Бұлардың көбі Еуропаның маңдайалды клубтарында өнер көрсетеді.

Орталық шабуылшының міндетін негізінен «Майнц 05» клубының ойыншысы Синдзи Окадзаки атқарады. Сондай-ақ Рити Маэда, Майк Хавенаар, Хироси Киетакэ – командаға кез келген уақытта өз көмегін бере алатын ойыншылар. 

Топтық кезеңдегі ойындар кестесі:

14 маусым. Ресифи. Кот-д Ивуар – Жапония

19 маусым. Натал. Жапония – Грекия

24 маусым. Куяба. Жапония  – Колумбия.

Бек Төлеуов

Бөлісу: