Халықаралық шәкіртақы иегерлері анықталды

3 Мамыр 2018, 01:05 1479

 

2018 жылдың 3 мамыр күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жанындағы халықаралық қатынастар департаментінің ұйымдастыруымен Әзірбайжан республикасының 100 жылдығына және мемлекет қайраткері Гейдар Алиевтің 95 жылдығына арналған шара өткізілді.

Шараға Әзірбайжан республикасының Ақтау қаласындағы бас консулы Зейналов Эльхан Латифоглы, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының  меңгерушісі Г.Шәкірова, «Новруз» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Э.Ахмедов, қоғам қайраткерлері, ардагер ұстаздар және студенттер қатысты.

Шараның мақсаты: Екі елдің арасында достық қарым-қатынасты дамыту, татулық пен бірлікті нығайту.

Аталған шарада Әзірбайжан тарихы мен тәуелсіздігіне үлесін қосқан мемлекет қайраткерлері туралы деректі фильм, фотосурет көрмесі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Әзірбайжан республикасының Ақтау қаласындағы бас консулы Зейналов Эльхан Латифоглы 8 жыл қатарынан аталған университеттің белсенді студенттеріне  халықаралық шәкіртақы берді.

Осы жылы шәкіртақыға аталған университеттің 5 студенті ие болды.

Бөлісу: