20 Қараша 2014, 12:00
20 – қараша Халықаралық темекіден бас тарту күні. Осы айтулы дата қарсаңында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында флешмоб акция өтті. Шараның мақсаты – жастар арасында темекіге тәуелділікті төмендету, темекі шегумен күреске барлық студенттерді тарту, темекі шегудің алдын алу және темекінің адам денсаулығына зияны туралы студенттерді хабардар ету.
Оқу ордасының бас алаңына жиналған студенттер қоғамның дертіне айналған жаман әдеттен үндеуге шақырып, өнер көрсетті. Салауатты өмір салтын ұстануға үндейтін би қимылдарын жұртшылық назарына ұсынды. Жиналғандар алдында институт ректорының тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Орынқыз Жолдасова сөз сөйлеп, темекінің зияндығы турасында айтып өтті.
«Темекіден бас тарту күнінің мақсаты - темекіге тәуелділікті төмендету, темегі шегумен күреске барлық адамдарды тарту, темекі шегудің алдын алу және темекінің адам денсаулығына зияны туралы қоғамды хабардар ету болып табылады» деді өз сөзінде О.Көпбосынқызы. Шара барысында студенттер азаматтарға темекінің зияндығы туралы ақпараттық парақшалар мен конфет, алма таратты.