ХАЛЫҚ ҚАХАРМАНЫ САҒАДАТ НҰРМАҒАМБЕТОВТЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ

30 Мамыр 2019, 11:25 2965
Түркістан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ғимаратында «Айбын» әскери-патриоттық клубының ұйымдастыруымен Кеңес Одағының батыры, «Халық қаһарманы», Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмагамбетовтың туғанына 95 жыл толуына орай еске алу кеші өтті.

ҚХА жанынан құрылған «Айбын» әскери-патриоттық клубы жастарды жауынгерлік рухта тәрбиелеп, оларды ел қорғаны болуға баулиды.
Еске алу кешінде ұландарға ұлттық тәрбие берумен қатар ел саясатын жүзеге асырудағы міндеттер тереңінен айтылды.
Әскери сала ардагерлері болашақ ел қорғандарына Отанға қорған, халыққа қалқан болуды жіті түсіндірді.
Бөлісу: