Халық туралы
4 Қараша 2015, 10:27
Қазақ халқының "халық" туралы мақал-мәтелдері.
- Өзін өзі білген ер бақытты, өзін өзі билеген ел бақытты.
- Су жүоген жер береке, ел жүрген жер мереке.
- Айна айна емес, халық айна.
- Халық қартамайды, қара жер қартаймайды.
- Халыққа қарсы жүру – ағысқа қарсы жүру.
- Көппен көрген ұлы той.
- Халық қатесіз сыншы.
- Халық – дана.
- Берекені көктен тілеме, бірлігі мол көптен тіле.
- Көптің қолы көкке жетеді.
- Көптен қулық артылмас.
- Ел артындағы шаң жұтады, ел алдындағы май жұтады.
- Елге дұшпан жерге сыймас, жерге дұшпан елге сыймас.
- Жер шежіресі – ел шежіресі.
- Халық қаһары қамал бұзар.
- Көп тепкен жерден көл шығады.
- Жол жолға жалғасады, ел елге жалғасады.
- Тай тулап үйірінен шықпас.
- Елін сатып асаған, екі күн-ақ жасаған.
- Елден безген көмусіз қалар.
- Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас.
- Халық сүймес, халық сүйген – суға батпас, отқа күймес.
- Атыңан айрылсаң да, ер-тоқымынан айрылма. Қатыңынан айрылсаң да, қазан-ошағыңнан айрылма, қазан-ошағыңнан айрылсаң да, халқыңнан айрылма.
- Қасықпен көлді құрта алмайсың, қастықпен елді құрта алмайсың.
- Атаңның баласы болма, адамның баласы бол.
- Қара жерді жамандама, қайтып сонда барарсың. Қауым елді жамандама, қарғысына қаларсың.
- Көптен бақыт құтылмас.
- Елде түлкі аштан өлмес.
- Көп күлкісі күннен де жылы.
- Елді сыйлағаның – өзіңді сыйлағанын.
- Елдің көзі елу.
- Ел құлағы – елу.
- Қатардан ассаң да, халықтан аспақ жоқ.
- Кеңесті елде кек болмас.
- Көпті сөккен көгермес.
- Көп іздеген көмбе үстінен шығады.
- Көптің қолы ұзын.
- Көл толқыса – жар құлайды, көп толқыса хан құлайды.
- Халық айтпайды, халық айтса, қалт айтпайды.
- Өзге елге ұл болғанша, өз еліңе құл бол.
- Аздың азаншысы болғанша, көптің қазаншысы бол.
- Халық аузына қақпақ қойып болмас.
- Құдайға жазсаң жаз, көпке жазба.
- Бестің басы болғанша, алтының аяғы бол.
- Құдай қарғысынан халық қарғысы қаһарлы.
- Көпке тентек – құдайға шет.
- Көптен қоян құтылмас.
- Көп түкірсе көл болады.
- Ел аузына елек қойып болмас.
- Көптік қайда болса, тоқтық сонда болады.
- Көптің көзі көреген, қолы береген.
- Көп алғысы көгерер.
- Көзсіз күнелтсең де, көпсіз күнелте алмайсың.