ҚХА «Елбасы және халқы» кітабының тұсаукесер рәсімін өткізеді

24 Шілде 2019, 11:59 3452

25 шілде күні сағат 11.00-де Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Елбасы және халқы» («Елбасы и народ») кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді.

Жинақта Қазақстан халқы Ассамблеясын құрудың бастамашысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1995-2019 жылдардағы сессияларда сөйлеген сөздері топтастырылған. Сондай-ақ этно-мәдени бірлестік өкілдері қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісінің авторына – кемеңгер саясаткер, дара тұлға Елбасына алғыс білдіреді.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаев, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директорының орынбасары К. Ақтаева, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депуттары, ҚХА мүшелері, БАҚ басшылары және басқа да мемлекет қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысады деп жоспарлануда.

Бөлісу: