ҚХА БАҚ ӨКІЛДЕРІН ЖУРНАЛИСТЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАП, БІРҚАТАРЫН МАРАПАТТАДЫ

28 Маусым 2019, 11:39 3835

Қазақстан халқы Ассамблеясының Журналистер клубы отырысында Жансейіт Түймебаев ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісім тақырыбын қозғап жүрген бірқатар журналистер мен блогерлерді марапаттады.


Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мейірім» төсбелгісімен бас редакторлар клубының төрағасы, ҚР Президенті теле-радио кешенінің Бас директоры – Ерлан Бекхожин,

«Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы «Еларна» телеарнасының директоры – Арман Сейітмамыт,


«Айқын-Литер» ЖШС директоры, «Литер» газетінің бас редакторы – Нұрай Оразов, 


«Хабар – 24» телеарнасының шеф-редакторы – Шалқар Қожаев, 


«Қазақстан» ұлттық арнасы Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры – Ерлан Атамбай, 


«Астана» телеарнасының директоры – Бибігүл Жексенбай, 


«Kazakh TV» телеарнасының директоры – Майя Бекбаева, 


Астана қаласының «Ұйғыр этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы – Рустам Абдусаламов, 


«Казахстанская правда» газеті бас редакторының орынбасары – Сәбит Малдыбаев марапатталды.


Ал Қазақстан халқы ассамблеясының Алғыс хаты «Огни Алатау» Алматы облыстық газетінің бас редакторы – Атсалим Идиговке, 


«Коре Ильбо» республикалық корей газетінің бас редакторы – Константин Кимге, 


«Хабар - 24» арнасының тілшісі – Айнұр Хуатқа, «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің қазақ редакциясының шеф-редакторы – Бақытжан Ербасовқа, «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті интернет-редакциясының меңгерушісі – Асқар Бековке, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Баспасөз қызметінің бас маманы – Раиса Ағыбаеваға, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Баспасөз қызметінің бас маманы – Әмірхан Алмағамбетовке, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Баспасөз хатшысы – Еңлік Әмірғалиеваға, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Баспасөз қызметінің басшысы – Индира Тоқмурзинаға, «Алматы облысының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі «Достық үйі – Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Баспасөз хатшысы – Маржан Бекишеваға, «Казахстанская правда» газетінің саясат бөлімінің редакторы – Юлия Магерге табысталды.


Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Нұргүл ШАТЕКОВА
Бөлісу: