Кез келген қазақстандық өз тауарын сата алады – Ауғанстандағы сауда үйінің жетекшісі

3 Тамыз 2023, 15:20 2594

Қазақстанның Ауғанстандағы сауда үйінің жетекшісі Арман Есентаевтан қауіпсіздік туралы сұрадық. Оның сөзінше, Ауғанстандағы сауда орталығы қазір жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біз сәуір айынан бастап тіркеу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Осы уақытқа дейін келіссөздер жүргізілді. Біздің сауда орталығында кез келген қазақстандық өз тауарын сата алады, - деді ол.

Оның сөзінше, орталықта ұн, металл, кондитерлік өнімдер сатылып жатыр.

 

Бұл жобаның болашағы зор. Өйткені екі жаққа да тиімді. Біз сатушыларымызды көбейтуге тырысып жатырмыз. Сауда жасауға ниеттілердің барлығына жағдай жасаймыз, - деді ол.

Ауғанстанда сауда жасап жатқан қазақстандықтардың санын сұрағанымызда, нақты айта алмайтынын айтты. Олардың саны күн сайын артып жатыр.

Тек астық бойынша 200-ден астам кәсіпкер жұмыс істеп жатыр. Олардың арасында бірнеше жылдан бері ауған халқын ұнмен қамтамасыз етіп келе жатқандар бар, - деді ол.

Есентаев берген ақпаратқа сәйкес, сауда орталығында тек Қазақстанның ғана емес, Өзбекстан, Қытай сияқты Азия мемлекеттерінің тауарлары да сатылады.

Ауғанстандағы сауда орталығын ашу жұмыстары аяқталып, жұмысы жүріп кеткеннен кейін Қазақстанда Ауғанстанда жасалған тауарларды сатуға арналған сауда орталығы ашылатын болады.

 

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: