22 қыркүйек күні Кэтрин ханшайым химиотерапиясын аяқтады деген хабардан соң алғаш рет көпшілік алдына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
42 жастағы Уэльск ханшайымы Крати Кирк шіркеуіне барған. Бұл корольдік отбасының Балморалға ат басын бұрғанда міндетті түрде бас сұғатын орны. Шіркеуге Ұлыбритания королі де әйелімен барған. Бұл туралы The Sun өзінің Х-тегі парақшасында жариялады.
Естеріңізде болса, Кэтрин ханшайым тоғыз айдан соң химиотерапия курсын аяқтады.