«Кешірші, аққу, бізді кешірші». Ақтаулық мұғалім киелі құстардан кешірім сұрады

18 Қаңтар, 15:34 2182

Ақтаулық мұғалім киелі құстардан кешірім сұрап, жан тебірентерлік бейнежазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол қос қанаттылардың жаппай қырылуына адамдардың қоршаған ортаға жасаған қатігездігі себеп деді. Видео авторы химик-биолог Бақытгүл Жақсылықованың айтуынша, тұрғындар айналаны ластап, табиғатқа жанашырлық танытпай отыр.

Әлеуметтік желіде жылдам таралған видео көпшіліктің көңілінен шығып, үлкен қолдау тапты.

Айта кетейік, Қаракөл көлінде 2023 жылдың 21 желтоқсанынан бастап аққулардың жаппай қырылуы басталды. Содан бері 600-ден астам құс өлгені ресми тіркелді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 24KZ (@24kz__tv)

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: