«Кешірім сұраймын». Желідегі жазбасы үшін депутат Самат Нұртазаның басы дауға қалды

10 Мамыр 2023, 12:00 1575

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза әлеуметтік желіде журналистерді «қолтырауын» деп сынаған жазбасы үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Депутаттың айтуынша, жазбаны сынау мақсатында емес, әзіл ретінде жазған.

Қалжың түсінбесеңіздер, кешірім өтінемін. Адамзаттың өмірінде хайуанатпен, табиғатпен байланыстар өте көп. Сол жағынан салыстырмалы түрде оқырмандарыма жаздым. Қалжың түсінбесеңіздер, бұл жағдай енді қайталанбайды, - деді депутат.

Депутат жазбаны бүгін таңертен жазып, бірнеше минуттан соң өшіріп тастаған. Сонымен қатар депутат журналистерге өзінің көңілі толмайтын жағдайлар бар екенін де жасырмады.

Бір жарым ай өтті. Менің бір байқағаным, 20 шақты депутаттан ғана сұхбат алады. Ал қалған депутаттардан сұхбат алып, олардың пікірін білуге тырыспайтындар бар. Сіздер өздеріңізге қызықты депутаттардан ғана пікір аласыздар, сондықтан да сіздерді хайуанатпен салыстырдым, - деп түсіндірді.

Депутат бұл сәтсіз қалжың болғанын жасырмады.

Миражан Махан
Бөлісу: