«Кешірім сұрасын»: Мақпал Жүнісова әуекомпания қызметін сынады

15 Желтоқсан 2023, 17:21 3312

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде бірқатар видео жариялап, жергілікті әуекомпаниясының қызмет көрсету деңгейіне шағымданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, Air Astana компаниясының рейсі аяқ астынан Fly Arystan рейсіне ауыстырылған. Одан қалды кешіккен жолаушыларды бір сағаттан астам уақыт күткен.  

Бір сағат ұшақта отырмыз, «бес жолаушы жетіспейді, олар келмейінше ұшпаймыз» дейді. Өткен жолы мен бес минут кешіккенде ұшаққа жібермей қойып еді. Түсінсем бұйырмасын, 8:45-те ұшатын ұшақ әлі ұшпады, - деп жазды өнер иесі.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Кейіннен Мақпал Жүнісова пікірде кешіккендердің рейске сол күйі келмегенін жазды. Алматыдан Астанаға аман-есен жеткен әнші бұл оқиғаға қатысты әзілдеп видео салды.

Бізге шай берсін! Кешірім сұрасын! Самаурын қойсын, енді біз шықпаймыз, - деді әзілдеп.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Ал желі қолданушыларының арасында Халық әртісін танымаған әуекомпания қызметкерлерінің әрекетін айыптағандар да болды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: