"Кешірдім". Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы мәлімдеме жасады

Кеше, 15:01 573

Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы өзінен кешірім сұраған күйеуімен қайта қосылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Нұрсұлтанның сұхбатын, видеоларын, стористарын жібермеген адам жоқ шығар, бәрін көрдім. Астанаға келді, кешірім сұрады, балаларын көрді. Қайта қосылмаймыз! Нұрсұлтанды кешірдім! Өзім үшін, ішімдегін жіберу үшін. Бірақ артқа жол жоқ! Қайта бірге бола алмаймыз! Әркім өз жолымен кетті! Қосылыңдар деп артық әңгіме айтпаңыздар! Әркімнің ақылы өзіне! Осы сәуірде 1 жыл болады. Қанша уақыт өтті. Негізі үндемей қоя салайын деп едім, барлық пабликке шығып кеткеннен кейін шықпасқа амал болмады,- деп жазды Фариза Алмазқызы.

Перизат Саденова
Бөлісу: