Кентау полицейлерімен заңсыз ойынхананың жолы кесілді, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz.
Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралардың аясында заңсыз ойынхана бизнесін анықтады. Нақтырақ айтсақ, тәртіп сақшылары Кентау қаласы көшелерінің бірінен жұмыс жасап тұрған заңсыз ойынхана бизнесін тапты.
Полицейлер аталмыш ғимараттан 17 процессор, 20 монитор, 5 телевизор мен өзге де техникаларды тәркіледі. Бүгінде полицейлер осы орынды жалға берушіні анықтап, сол арқылы күдіктіні айқындауға бағытталған жұмыстарды жүргізуде.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 307-бабы (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша тіркелді. Қазіргі таңда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.