Кемелбек Ойшыбаев «Хабар агенттігі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кемелбек Ойшыбаев 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін, сонымен қатар Geneva Business School (Швейцария) МВА бағдарламасын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2000 жылы «Интерфакс-Қазақстан» АА» ЖШС тілшісі болып бастаған.
Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда еңбек етті.
2015-2016 жылдары «ҚазМедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-да, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде басшылық лауазымдарды атқарды.
2016-2017 жылдары — «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасы.
2019-2020 жылдары — «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы.
2020 жылғы маусымнан бастап 2022 жылға дейін ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды.
Айта кетейік, «Хабар Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы болған Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды.