Келіннің сәлем салуы

19 Тамыз 2014, 11:06

Келіннің сәлем салуы / келіннің тәжім етуі – жас Келіндердің ата-енесіне ізеттілік көрсетіп, иіліп сәлем беруі, амандасуы.

Келіннің сәлем салуы / келіннің тәжім етуі – жас Келіндердің ата-енесіне ізеттілік көрсетіп, иіліп сәлем беруі, амандасуы. К. ата-енесіне күнде таңертең және олар ұзақ уақыт басқа жақта болып келгенде сәлем салады. К.-нің сәлемін алған ата-енесі немесе басқа да жасы үлкен кісілер «Өркенің өссін!», «Бақытты бол!», «Ұл тап», «Көп жаса, қарағым» деп жақсы тілек айтып, ризашылығын білдіреді. К.  қазақ  салтында  амандасқаннан   басқа   уақыттарда да сәлем салып жатады, яғни ел ішінде сәлем салудың қалыптасқан түрлері кездеседі.

Келіннің сәлем салуының түрлері – К.-нің әртүрлі жағдайда иіліп ізеттілік көрсетуі. Қазақ елінің кейбір өңірінде, мәселен Сыр өңірінде, әлі күнге дейін жалғасын тауып, қаймағы бұзылмай келе жатқан сәлем салу дәстүрінің екі түрі қалыптасқан, бірі – К.-дердің өз күйеуінің үлкен ағайындарына, екіншісі – қазақтардың үлкен асын (етті) жеп болған соң табаққа сәлем салуы. К.-нің сәлем салу дәстүрі беташардан басталады. Әдетте, беташарда күйеуінің ет жақын туыстарының әрқайсысына арнау өлең айтылған соң К. де, қолтықтап тұрған К.-дер де иіліп сәлем салады. К.-нің беті ашылып, босаға аттаған күннен бастап, К. күйеуінің ағайындарына көрген кезде екі қолын алдына бір-біріне айқастырып қойып «сәлем бердік» деп дауыстап, өзі иіледі. Күйеуінің ағайындары жол-жөнекей кездескен күнде де осылай сәлем салады. Үлкендер К.-нің сәлеміне «көп жаса», «бақытты бол» деп жауап қайтарады. Бұл дәстүр К.-дердің күйеуінің ағайындарына деген ізеттілігін білдіреді. Сыр бойында сақталып отырған сәлем салудың екінші түрі табақ алу кезінде атқарылады. Ет жеп болған соң дастарқан басын- да отырған адамның үлкені табақты ұсынғанда, К. үнсіз сәлем салып барып алуы тиіс. Сыр К.-дері осы өңірде қалыптасқан дәстүр бойынша ас желініп болғанын сез- ген бойда табақ алуға дайын тұрады. Үлкен жиын-той- да, ас, құдайы тамақ берілгенде, тартылған табақтың са- нына қарай ауыл К.-дері бірінен-соң бірі тізіліп тұрып, әрқайсысы табақ аларда иіліп сәлем салады.  Отбасын- да қонақ келмей-ақ өздері отырып, тамақ жеген соң да К. табақ алу рәсімін жасайды. Бұл еттен дайындалған тамақты қазақтың үлкен асы деп санап, табақ басында отырған үлкендерге және шаңыраққа деген құрметтен туындаған.

К.-ді жаңа ортаның салт-дәстүріне бейімдеп, жаңа тұрпатта қалыптастыруға байланысты жақсы ниетпен жасалатын іс-әрекет, шаралар мен ғұрыптар, сондай-ақ, жаманшылықтан сақтандыру үшін іс-әрекетке салынатын тыйымдар аз емес (қ. Ырым; Тыйым).

К. түскеннен бастап жақсы ырымдар жасалады. «Оты өшпесін», «Ошақтан от кетпесін» деп ырымдап отқа май тамызады. К. алғаш үйге  кіргенде  оң  аяқпен  аттатуды да жақсы ырымға жориды. Керісінше, бүйірін таяну – қайғының, жағын таяну – мұң-шердің белгісі деп ырым- дап, жүресінен отыруды әдепсіздік белгісі деп олай істеуге тыйым салады. К.-ге қатысты ырымдар мен тыйымдардың көп болуы бір жағынан, олардың тәрбиелік мәнінің болу- ымен, екінші жағынан болашақ ананың денсаулығына, ұрпақ денсаулығына деген қамқорлықпен байланысты.

«Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен  атауларының дәстүрлi жүйесi»

Бөлісу: