«Келінмен жарысып туған енеге қалай қарайсыздар?». Танымал әнші жұртты ойландырып қойды

15 Қаңтар, 12:00 8298

Жақында ұлды болған әнші Өмірқұл Айниязов желіде отбасылық суретін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әнші ешкімге көрсетпеген отбасылық суретті жариялап, оқырмандарымен қалжыңдасты: «Бұл енді қалжың сурет. Негізі келінмен жарысып туған енеге қалай қарайсыздар? Фотоға ат қояйық, - деп жазды әнші.

Айта кетейік, әнші жаз айында тұңғыш ұлын үйлендіріп, кейіннен гендер пати жасаған еді. Көпшілік келіні мен енесі бір-бірімен жарысып жатыр деп болжаған.

Айта кетейік, 2024 жылдың алғашқы күнінде әнші үшінші рет әке атанып, босанған әйелі мен ұлын перзентханадан шығарып алды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: