Келін түсіруге байланысты салт-дәстүрлер

19 Тамыз 2014, 10:55

Кеңестік дәуірге дейінгі Семей өңірі қазақтары салтында қалыңдығын ұзатып әкеле жатқан күйеу жігіт аулына жақындап қалғанда алға шығып, әке-шешесі мен ауылдағыларға келін келе жатқанын хабарлайды.

Ы.Алтынсариннің Орынбор аймағы қазақтарының XIX ғ.-дағы тұрмыс-салтына байланысты жазған этнографиялық деректерінде құда түсу, қыз ұзату және К. түсіру дәстүріне арнайы тоқталып, онда күйеу ауылына келіншекше киіндірген қалыңдықпен бірге қыз шешесінің бірге келетіні, сый-сияпатын алып, ауылда үш-төрт күн жатып қайтатыны, К.-ді түсіру үшін атасының үйінің оң жағына отау үй тігіліп, ішіне К.-нің жасаулары ілінетіні, келіп көрген жұрттың оған бата беретіні, К.-нің осы жаңа отауда шымылдық ішінде бетіне перде жауып отыратыны, сол күні кешке К.-ді екі жағынан екі әйел қолтықтаған бір топ әйел атасының үйіне әкеліп, табалдырық аттататыны, табалдырықтан аттаған бойда ошаққа жеткенше үш рет тізе бүгіп сәлем ететіні, үй ортасында жанып тұрған отқа тұтатып май құйғандығы, К.-ді үйдің сол жағына, есікке таман отырғызатыны баяндалып, одан беташар жырының басталатыны, беташардан кейін К.-ді өз отауына алып баратыны айтылады.

Үйленуге байланысты әдет-ғұрыптарды үш кезеңге бөлуге болады: 1) құда түсу; 2) үйлену тойы; 3) үйлену тойынан кейінгі рәсімдер. К. түсіру рәсімдері үйленуге қатысты әдет-ғұрыптардың екінші кезеңіне жатады. Жоғарыда аталған салт-дәстүрлер қазақ елінің барлық жерінде орын алған. Алайда, құда болып немесе бір се- бептермен қызды алып қашу арқылы К. түсіргенде келе жатқан К.-ді арнайы дайындықпен қарсы алып, үйлену тойына   дейін   орындалатын   ырым-жора,   рәсімдерді атқаруда  ортақ  жайттармен  бірге  жергілікті,  аймақтық өзгешеліктер де кездеседі.

Оңтүстік Қазақстанда К. келгенде ең алдымен ырым етіп, отқа май құяр ырымы мен басына орамал салуда кейбір ерекшеліктер анық байқалады. К. келе жатқанын ести салысымен үлкен қазанның астына от жағып, қойдың құйрық майынан жеті түйір май, қызыл орамал дайындап қояды. Келе жатқан келіншектің алдынан бір топ қыз- келіншектер шыққанда ел келіні, жұрт келіні, халықтың келіні деген үлгілі К.-дердің бірі К.-нің басына қызыл орамал салып, қолтығынан ұстап, қара қазанның басына апарып, беті бүркеулі К.-нің қолына май беріп, ыдысқа салынған оттың шоғына жеті  түйір  майды  салғызады. К. отқа майды неғұрлым көбірек салса, оның ырысы соғұрлым көп болады деп ырымдайды, аруақтарға сиы- нып, «мен сияқты ел келіні бол» деп, оң аяғымен босағадан аттатқызып («оң аяғымен атта, қарағым» деп ескертеді), үйге кіргізеді. Одан кейін К.-ді жас қыздармен бірге құрылған шымылдықтың ішіне отырғызады. Қыздармен бірге шымылдық ішінде отырған К.-ді көруге келген- дерден көрімдік алады. К. болып келген қыздың басы- на қызыл орамал салудың себебі, оның қыз деген атын құрметтеп, жаңа жағдайға бойын бірте-бірте үйретуді жөн санайды. К.-нің басына ақ орамал ертеңінде беташардан бұрын, кейде беташардан кейін салынады. Ақ орамал салған сол үйдің үлкен К.-і немесе ауылдың К.-і «менің де балам ержетіп үйленеді» деп ырымдап, қызыл орамалды өзі алады.

Келін түсіру. ҚР МОМ қорынан (КП 23396-3)

Бұл күні кешке көрші-қолаңға қонақасы беріліп, жар- жар, тілек айтылып, бата беріледі. Ертеңіне күндіз бета- шар жасалып, одан кейін басына ақ орамал тартқан К.-нің қолынан шай ішеді (қ. Келін шайы). Кешке қарай үйлену тойы болады.

Кейбір жерде К. қырық күн қыз киімімен жүруге ерікті деп саналады. Мұнда қыздың әйелше киінуге бірден көне алмайтындығы ескеріледі. Уақыты келгенде бәйбіше бастаған әйелдер жиналып келіп, К.-нен жаулық салуды өтінеді. Ал абысыны тентектеу болса:

Бәріміз де камшат бөрік кигенбіз, Іргемізді түргенбіз.

Әйелдің басына ақ салу Алла жолы, Ки мына жаулықты,

деп бұйыра сөйлеп, К.-нің қыз кезіндегі бөркін желегімен қоса жұлып алады. Мұндай абысыны, әдетте,  қолына қос жаулық ұстап келеді. Оның бірін алқымын бос са- лып, ұштарын камзол ішіне жібереді, екінші жаулықты маңдайына ұзындығын екі қарыс қатырма салып, сәуке- ледей биік етіп, шашағы жауырынды жауып тұратындай деңгейге келтіріп, қатырма керегенің үстінен желбіршек түсіре орайды. Оған К.-нің қолсандығындағы шашақты оқа-зер, үкі, үкіаяқ, тұмарша сияқты әшекейлерді алып тағады. К.-ге жаулықты бойжеткен қызы бар әйел салады. К.-нің кәмшат бөркін, түлкі тымағын сол әйел алады.

Кеңестік дәуірге дейінгі Семей өңірі қазақтары салтында қалыңдығын ұзатып әкеле жатқан күйеу жігіт аулына  жақындап  қалғанда  алға  шығып,  әке-шешесі мен ауылдағыларға К. келе жатқанын хабарлайды. Қалыңдықтың киіз үйі де алға озып кетеді. Оны ауыл- да жиналып  қалған  қыз-келіншектер  тұрғызады.  Ал киіз үйдің шаңырағын ауылдағы ең бақытты әйелге көтергізеді. Үй тігіліп болғанша К. көші күтіп тұрады. Киіз үй тігіп болғаннан кейін қыз-келіншектер К.-нің ал- дынан шымылдық алып шығады. Басында сәукелесі, жібек жаулығы бар қалыңдықты аттан түсіріп, шымылдықпен қоршап, ешкімге көрсетпей ауылға жаяулап әкеледі. Жаңадан тігілген үйге, өз отауына жақындағанда К. тізе бүгіп, бірнеше рет сәлем етеді.

К.-ге тігілген жаңа отау үйге қызымен бірге келген шешесі жиналғандарға кішігірім сыйлықтарын таратады, шаңырақ көтерген әйелге жаулығына деп меткел береді.

Қалыңдықтың  жасауы  жігіт  әкесіне   жеткізіліп, ол құдағидың көзінше бәрін қарап шығып, өзінің ризалығын немесе көңілі толмайтындығын білдіреді. Жасауды көрсетіп болған соң қыз шешесі К.-ге тігілген отауға барады. Қызы мен шешесі, жиналған басқа қыз- келіншектер сол күнді ойын-сауықпен бірге өткізіп, бәрі сол үйде қонып шығады. Күйеу жігіт қалыңдығының шешесі тойды өткізіп, өз ауылына қайтқанша әкесінің үйінде болады.

Қыздың шешесі таңертең қыз-келіншектерге тағы да бірсыпыра сыйлықтарын үлестіреді. Кешке қарай К.-ді бетін бүркемелеп қайынатасының үйіне алып келеді. К. табалдырықтан аттасымен тізе бүгіп сәлем жасайды. Қыз туыстарының бірі осы кезде күйеу жігіттің әкесіне шапан не мата сыйлайды. Қайынатасы К.-ге «көп жаса, балам» деп батасын беріп, дұға оқиды. К. тағы да ілгері бір адым басып, сәлем салады. Атасы тағы да батасын беріп, К.-нің бөстектің үстіне отыруын сұрайды. К. тағы да сәлем беріп, атасы отыруын қайталап айтқаннан кейін ғана жұмсақ бөстекке отырады. Сонан соң қонақтарға бір бөлек, К.-ге бір бөлек табақ тартылады. Қайынатасы өз табағынан К.-ге сыбаға жібереді. К. оны орнынан тұрып, сәлем салып ба- рып қабылдайды. Атасы тағы да батасын беріп, дұға оқиды.

Бөлісу: