Келесі жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемдер 7 пайызға көбейеді

3 Қыркүйек 2023, 22:57 1239

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік сақтандыру қорынан адамның еңбекке қабілеттілігінен немесе асыраушысынан айырылуына байланысты жасалатын төлемдерді 7 пайызға арттыруды көздейтін үкімет қаулысының жобасын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ ерте дегенде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, – делінген жобада.

Министрліктің түсіндіруінше, бұл шара халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отыр.

Қаулы жобасын жария талқылау мерзімі 15 қыркүйекке дейін жалғасады.

Перизат Саденова
Бөлісу: