Келесі жылдан бастап әлеуметтік төлемдер мөлшері артады

21 Қараша, 13:08 524

Үкімет елімізде 1 қаңтардан бастап мүгедектер мен жетімдерге әлеуметтік төлемдер көбейетінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет 2024 жылғы 19 қарашада "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы" қаулыны бекітті.

Төлемдер асыраушысынан айырылу және еңбекке жарамдылығын жоғалту бойынша алынатын жәрдемақылар мөлшерінен 6,5% өседі.

Айта кетейік, бұған дейін  2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектер мен жетімдерге жәрдемақы төлемі келесідей болды. 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар үшін 69 886 теңге беріліп келді. Мысалы, енді олар 69 886 теңгенің орнына 74 428,59 теңге алады. Осылайша (4 542,59 теңге қосылады).

Сонымен қатар 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар бала тәрбиелейтін ата-ана жалпы 139 772 теңге алады. Ал 7-18 жас аралығындағы 1-топтағы мүгедектігі бар баланы тәрбиелейтін ата-ана жалпы 165 382 теңге алады.

7-18 жас:

Бала кезінен мүгедектер үшін:

Жалпы аурулар немесе қызмет барысында жарақат алған мүгедектер үшін:

Әскери қызмет пен арнайы міндеттерді орындау кезінде жарақат алған мүгедектер үшін:

Құжат 2025 жылы 1 қаңтардан бастап нақты қолданысқа енгізіледі.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: