Келесі Ұлттық құрылтай Бурабайда өтеді

15 Қараша, 17:31 448

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында президент Қасым-Жомарт Тоқаев келесі Ұлттық құрылтай Бурабайда өтетінін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент осы құрылтайда Қазақстанды одан әрі дамытуға қатысты тың жоспарларды жария етпек. 

Бұрынғы жоспардың бәрін қазіргі күннің талабына лайықтап, түзету қажет. Мен бұған дейін реформалар тоқтап қалмайтынын нақты айттым. Өйткені елімізді жан-жақты жаңғырту ісі үздіксіз жалғаса беруге тиіс. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр. Соған сай жаңа бастамалар мен жоспарларды жүзеге асырамыз. Қазір оның бәрі мұқият зерделеніп жатыр. Келесі жылы халыққа ұсынатын боламын. Кейбір бастаманы әдеттегідей Ұлттық құрылтайда жариялаймын. Оның кезекті отырысы Бурабайда өтеді. Қалғанын Жолдауда айтамын, - деді Тоқаев бүгінгі форумда.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: