Келер жылы 54 ауыл табиғи газбен қамтылады

30 Желтоқсан 2022, 13:30 1636

Газ саласының 2023 жылға бекітілген жоспары жарияланды

Энергетика министрлігінің жылдық қорытындысына сәйкес 2022 жылы газ өңдеу көлемі - 51,7 млрд. 2021 жылмен салыстырғанда 96,1 пайызға көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

2022 жылы республикамыздың 59 пайызы газбен қамтылды. Ашып айтқанда, 96 млрд теңгеге 142 газ жобасы жүзеге асырылды. Яғни, 284,8 мың адамды немесе 107 ауылдық елді мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз етілді.

«2023-2030 жылға қарастырылып жатқан бағдарлама барысында газ өндірісі де төмендеуі мүмкін. Дегенмен де 2023 жылы қазақ жерінің 90 пайызы газбен қамтылған болады. Ол үшін 86 жоба бекітілген, ол жобаға 54 ауылдық жер кіреді», дейді ҚР энергетика министрі Болат Ақшолақов.

Кен орындарының әлеуетін арттыру үшін бүгінде тендерлер ойнатылып жатыр. Жобарлардың барлығы дерлік 2025 жылы аяқталуы керек деп мәлімденді.
Қазақстан кен орындары быилдыққа 304 келісімшарт бойынша жұмыс жасап, мемлекетке 5,9 трлн теңге инвестиция тартылаған. Келер жылы бұл цифрді еселендіру мақсатқа қойылып отыр.
Айым Даниярқызы
Бөлісу: