30 Маусым 2014, 10:44
Өзін-өзі төмен бағалау.
Бұл қасиет - барша кедей саналатын адамдардың психологиясына қатысты екен. Мұны да түсінуге болады. Себебі, өмірінде жоғары деңгейдегі тұрмыс-тіршілікті көрмеген адам бір сәтте қалай өзін-өзі жоғары бағалай алсын. Ол адамда өзінің сүйіктісі және сүйікті жұмысы жоқ. Өзі армандайтын жерлерді өзі де түсінбейді. Оның өмірінде жарқын түстегі бейнелерге орын жоқ. Кедей психологиясы жарқын болашақтың үнемі тәуекелге бел буа алатын және ойы іске аспай қалған жағдайда қайта бағын сынап көреті тәуекелшіл әрі өзіне сенімді адамдардың ғана құзырында екенін түсінуге сана-сезімі жетпейді.
Барлығы жасау керек.
Кедей психологиясы басқа адамдар секілді өзінің жұмыс атқаратын орнындағы жалақы мөлшері өз еңбегіне байланысты дұрыс төленуін ойлайды. Соның өзінде аз жалақыға байланысты қайта-қайта басшысына ренішін білдіріп ақыр соңында үндемеуді жөн көреді. Мұндағы мәселе - жұмыскердің өзі алғашында жұмысқа орналасып жатып төмен жалақыға келісімді өзі берген. Сол себепті де кейінірек өзге бай кісілерге қарап ол да наразылығын білдіреді. Өзіндік позициясы және принициптері болмағасын қарапайым өмір салтын ұстанып қана жүруді жөн санайды. «Маған ғана тәуелді болмаса, неге онда мен ғана жұмыс жасауым керек?» деген қағидамен жүреді.
Жалақы мөлшері аз болғанымен, алайда тұрақты жұмыс.
Бұл – кедей психологиясының төмен жалақылы жұмысты таңдап, дегенмен тұрақты екендігіне қуанатын адамдар типін көрсетеді. Жұмыс орны – мемлекеттік қызметте. «Мемлекеттік орындарда әрқашан жұмыс тауып бере алады. Ал коммерциялы орындарда уақыт өте келе жұмыстан босатылуымды өтініш қылады»,- делінген қысқа ғана логикамен өмір сүріп келеді. Өзін-өзі бағалау тым төмен болғаннан соң білімге қажеттілік жоғары екендігін аңғара алмайды. Нәтиже бір. Жалықтыратын жұмыс және жаңа бағдарламаларды дұрыс меңгере алмай, өз жұмысынан баст тарту.
Белсенді болудан қорқу.
Кедейдің писхологиясы бойынша жаңа жұмыс іздеу секілді процестер қорқыныш тудырады. Керісінше, белсендірек болып, жалақы мөлшері жоғары жақсы жұмыс табуды ойлау керек. Бұл қызметтік өсімді жоғарылатады. «Қолымнан келмейді» деген әлсіз сезімдерді доғарып жаңа жұмыс іздеуден қорықпау қажет. Пассивті өмір салтын ұстану – кедейліктің бір белгісі.