Кедей болсаң ешкімге керегің жоқ. Белгілі актриса жоқшылықпен өмір бойы күресіп келетінін айтты

31 Тамыз 2023, 16:25 1533

Актриса Гүлшат Тутова өмір бойы кедейлікпен күресіп келе жатқанын айтты. Өнер иесін кішкентайынан ортасы кедей деп қабылдаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Актриса Instagram парақшасында өзін кедей жерден шыққанын айтып, үнемі осы сөзбен күресіп жүргенінін айтып, жан сырын ақтарды.

"Кішкентай кезімнен "Cен - кедейсің" деген сөзді көп естіп өстім. Айналам "Сен кедейдің қызысың" дейтін. Келін болып түскенде, "Барақта тұратын кедей жердің қызын алдық" дейтін. Мен өмір бақи кедейлік деген сөзбен күресіп келем. Өмірдегі Алла бұйыртқан нәпақамды тауып келем. Актриса болсам, өмірім керемет болады деген арман осы күнге дейін жетелеп келеді. Шын жүректен шыққан арман адамға энергия береді екен. Энергия келсе, әрекет жасай бастайсың. Арманың орындалмай, энергияң таусылмайды екен. Мен бай, қуатты болам деп қатты армандадым. Әжем "Жас күніңде бейнет бер. Қартайғанда дәулет бер" деп айтып отыратын. Сол дәулетті аңсаймын. Мен осы сөзге қосыламын. Қазір ұялатын заман емес. Анам "Есектің артын жу да, дүние тап" деп айтып отыратын. Қазір кедей болшы, ешкімге керек емессің. Туған-туыс, дос-жаран бәрі сенен қашады. Бар болсаң ғана абыройың асқақтайды", - деп жазды Гүлшат Тутова. 

Оқырмандары актрисаны қолдап, пікір қалдырған.

"Сіз кедей емессіз, бала-шағаңыз бар, елге сыйлы ерекше жансыз", "Бастысы денің сау болса, ата анаң балаларың аман болса, жақсы көретін халқың болса одан артық не керек", "Төрт мүшең түгел болса болды, сенен аскан бай адам жоқ", - деп жазды оқырмандары.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ГҮЛШАТ ТУТОВА (@gulshattutova)

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: