19 Тамыз 2014, 09:41
КЕБІС – мәсiнiң сыртынан киілетін, көбінесе былға- рыдан тігіліп, қалыпқа қатырылған қонышсыз аяқкиім. Даладан үйге кіргенде оң жақ босағаға К.-ті шешіп, қатарластырып, тұмсығын отқа, сірі өкшесін іргеге қара- тып қояды. Мәсімен таза сырмақ, кілем, текемет үстіне шығып отырады.
Кебіс. Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі қорынан
Кебіс тігу – арнаулы қалыптан шыққан былғарыдан, көннен ине-жіпті пайдалана отырып қонышсыз аяқкиім тігу. Адамдардың жастарына қарай К.-тің де арнаулы қалыптары болады. К.-тің басы жұмсақ былғарыдан, та- баны мен күлшіні, шажамайлығы қатты ұлтаннан пішіліп тігіледі. К.-ті пішу, ұлтарып тігу, оның өкшесін салудың барлық әдістері де етіктің басын тігумен бірдей. Бірақ К.- тің ернеуі астарланып, шеті сыздықталады да, өте жіңішке тарамыспен екі қатар қайылып отырады. К.-ті етік сияқты мол, кең етіп тікпейді. К.-ті былғарысын жібітіп, қалыпқа түскен соң қатты тартып, ыспалай отырып қатырады.
Шажамайдың астары мен күлшіннің аралығына желім құйып қатайтады. Шажамайдың, күлшіннің сырты жұмырланып тұрады.
К.-тің өкшелігі мен ернеуінің арасы, яғни шажа- майы жақсы былғарымен астарланады. Сыны бұзылмау үшін К.-тің ұлтарақшасы мен өкшеліктеріне ең шы- мыр ұлтандар мен тоздар (қайыңның қабығы) салынып, кепкен қайың шегемен шегеленіп, тарамыспен қайып тігіледі. Аяқтан түсіп қалмауы үшін оны тереңдеу етіп, үстін молырақ шығарып тігеді. К.-тің былғарысын оюлап құрап, кестелеп, оның ернеулерін кепсерлеп, өкшелігіне мық (басы бүркеншікті әшекейлі шеге) қағып, өкшесіне жезден, мыстан нәл орнатып, шажамайларын күміспен өрнектеп, ернеуіне сызықты ою батырып немесе түрлі тігіс өрнектерімен әшекейлейді.
Кейбір К.-тің өкшесіне үшбұрышты қайың шегеленіп бекітіледі де К.-пен бірге тігіледі. Мұны батқы неме- се тіреме деп атайды. Қырынан қарағанда, батқы К.- тің өкшесінде бұлтиып көрініп тұрады. Ол атты тебініп жүргізу үшін жасалады. Батқылы К.-тер қазір тігілмейді, мүлдем ұмытылған.
К. пішілуіне, тігілуіне, жайпақтығына қарай мықшима, биік өкше, үшкір тұмсық, көксауыр, құмырысқа бел, жезөкше, қазық өкше, үшкір бас деп аталады. Бұлар жастарға арналып тігілген.
Кебіс. ҚР МОМ қорынан (КП 15827/а,б)
ҚР МОМ қорындағы (КП 15827/а,б) түзу табан К. қоңыр былғарыдан тігілген. Тігістері бірнеше қатар етіп күмістелген жіппен түсірілген, бас жағы мен сірөкшесіне күміс шытыралар орнатылған әйел аяқкиімі. Табаны құмырсқабел, сірөкшесінің ішкі жағына жез пластинка салынған. Өкшесі тойнақталған, яғни жезбен қапталған. Өкшенің жербасар бөлігінен тақа тәрізді басталған темір құйма өкшенің алдын орай келіп, шажамайын басып, табанға жетіп бекітілген. Ұлтаны мен табаны біріктіріліп желімделген.
Сәндік үшін киетін К.-терді алтын, күміс құйма, тіреме, көксауырлармен оюлап әшекейлейді. Көксауыр, шоңқайма К.-ті қыз-келіншектер киген.
Әйелдерге арналған К.-тер түрлі -түсті жұқа былғарыдан тігіліп, биік өкше қағылған, әртүрлі жібек жіптермен кестеленіп көркемделген. Әсем К.-ті ұзатылатын қыздарға арнап тіккен, ол алтын кебіс аталған. Алтын шытыралар- мен әшекейленген қымбат бағалы К. туралы мәліметтер қазақ фольклорында мол кездеседі. Мысалы:
Танадай көзі жалтырап, Алтын кебіс сартылдап, Көшті тартып барады,
Зерлі кебіс. ҚР МОМ қорынан (КП 20293)
ҚР МОМ қорындағы (КП 20293) қоңыр шегіреннен тігіліп, барқытпен тысталған, өкшесі биік К. – әйел адамның аяқкиімі. К.-тің барқытталған тысының өн бой- ына зер жіппен көгеріс және зооморфтық өрнектер ке- стеленген. Өкшесіне бірнеше қабат тасұлтан желімделіп салынған, жербасарына екі шеге қағылған.
К.-тің шолақ қонышты жайтабан, кең ауыз деп атала- тын түрлерін қарт кісілер киеді. Ер адамдарға арналған К.-ті көннен немесе қалың былғарыдан түзу табан пішімінде немесе жайпақтап өкшесін аласа етіп тігеді. Әдетте, еркек етіктері мен К.-терінің өкшесіне темірден нәл қағады.
Кебіс. ҚР МОМ қорынан (КП 3377)
ҚР МОМ қорындағы (КП 3377) ер адамдарға арналған кең ауыз К.-тің ішкі жағы қоңыр былғарыдан тігіліп, қара былғарымен тысталған. Тысы лакталған. Табанына қатты көн салынып, мық шегемен бекітілген. Өкшесіне екі қабат көн салынып, ортасына үлкен темір шеге қағылған.
К.-тің бөкі немесе бекі деп аталатын түрлері түйе терісінен тігіледі. ХХ ғ.-дың екінші жартысынан бастап К.-тің сипаты өзгере бастады. Өкшесіне бірнеше қабат ұлтан салынып, шегеленетін, тұмсығы домалақтау етіп жасалатын болды. Cапиян терілерден ою-өрнек салып, зерлеп тігілген К.-тер де кездеседі.
К.-тің өкшелігіне мық қағып, өкшесіне жезден, мыстан нәл орнатып, шажамайларын күміспен өрнектеп, ернеуіне сызықты ою батырып әшекелейді.