19 Тамыз 2014, 09:35
Кебін пішу – ақырет киімін өлшеп, белгілі бір үлгі бой- ынша кесу. К. киім үлгісінде емес, бой-бой күйінде кесіліп жасалады. Ең алдымен сыртқы киім деп, өлген адамның бас-аяғынан асып тұратын, онан кейін ішкі киім деп үлкен адамның бас-аяғынан еркін асып қаусыруға келетіндей етіп кесіп алады. Онан кейін «көйлегі» (жейдесі) артқы бой, алдыңғы бой күйінде, ұзындығы мәйіттің бойына қарай өлшеніп, кесіліп алынады. Ер адамның жейдесі бел- ден төмен, тізеге дейін пішіледі. Әйел адамның көйлегі тізеден төмен, қызыл асыққа, тобыққа дейін пішіледі. Оны іш көйлек деп атайды. Әйелдерге жоғарыда айтылған екі қабат К.-нен тыс «бүркеншек» деп үлкен бір шаршы кездеме, «кеудеше» деп, омырауын жауып тұратын бір-екі кез кездеме кесіледі. К. мен ақыреттің өлшемі әртүрлі болады. К. ақыреттен қысқарақ, адамның денесімен бірдей болады. Ал ақырет – халат сияқты, ендей пішіліп, ең сыртынан киіледі. Ол адамның бас-аяғын бууға жетерліктей ұзын болып келеді.
Мәйіт ер адамдікі болса, ұзындығы қара санға дейін жететін көйлек кигізіп, етегін кіндіктен сәл төмен түсіп тұратындай етіп түріп қояды. Оның сыртынан жауырынтақ, оның сыртынан қысқа бешпет кигізіледі.
Ең соңында өліктің басына сәлде оралып, ұшын оң иыққа асып қояды.
Кейбір мәлімет бойынша әйелдердің сыртқы киімін қырқа (емшек тартар), кеуде шалғыш, басына орайты- нын бүркеншек деп, қалған киімнің барлығын ақырет деп атаған. Әйел адамның шашын алдына салып, басына «ки- мешек» кигізеді. Әйел киімдерінің еркектердікінен көптігі олардың күнәларының көп болуына байланысты дейді халық ұғымында. Әйелдерде бұған қосымша іш көйлек деп аталатын К. қолынан мойнына дейін түсіп тұрады. Әйел К.-інің белдемшесі мәйіттің бел тұсын орап тұрады. Басына екі қабат орамал (кимешек, шылауыш) орай- ды. Төс тұсын тартар киім – қырқаны кіндіктен жоғары, тамағы мен екі қолтықтың астынан жабады.
Кебін пішу.
ҚР МОМ материалдары бойынша суретін салған Ж.Шәйкен
Ер адамдарға арналған К. пішу үшін екі қабатталған матаны тізеден иыққа келетіндей етіп қабаттап өлшеп алады да, бүктемесінен Т әрпі тәрізді тілік жасайды. Бұл ақырет көйлектің «жағасы» іспетті. Оның үстінен мәйіттің ұзын бойымен басына дейін өлшеп алып, денесін орай- ды. Өліктің денесі бір орам матамен мойнынан тізесіне дейін оралады. Оның үстінен ақырет кигізіледі. Ақырет оңнан солға қарай оралады. Ақыретке ораған соң мәйітті үш жерінен (Ақтамберді термесінде айтылатын «Үш жеріңнен буғызып көрге бір түссең сол жаман» деуі осы- ны меңзеп тұр) – бас, бел, аяқ тұсынан – жіппен байлайды және ол көрге орналастырылған соң шешіліп, сол орнында қалдырылады. Мәйіт осылай ақыреттеледі.
К. мәйіт денесіне тар емес, мейлінше кеңірек бола- ды. К.-нің негізгі бөліктерін дайындап пішіп алған соң кебіндік мата енсіз болса, сол матаның өз кенересінен алынған суыртпақ жіппен жөрмеп тігеді. Бұған тек ағаш инені қолданады. К.-де қалта мен жаға болмайды және жиектері мен екі жақ жаны тігілмейді. Мәйіттің аузын, тіс, танау, құлақ, көзін тазалайтын, дене құрғатар кішкентай орамал тәрізді шүберекті кебіндік матадан жыртып ала- ды. К.-ді жерге қоймай, қолға ұстап отырып тігеді және дайындаған кезде имани сөздер мен дұғалар айтып оты- рады.
Мәйітті үйден алып шығарда бас жағымен алып жүреді, тамақ түйілген шүберекті басынан айналдырып алып қалады. Ақыреттелген мәйітті үйден шығарарда сырмақ немесе текеметке (иман киіз) салып көтеріп дәуір жүргізеді (қ. Дәуір айналдыру).
Кебінделген мәйіт.
ҚР МОМ материалдары бойынша суретін салған Ж.Шәйкен
Тіршіліктегі күнәсін басқа адам аударып алу үшін деп жасалатын жосын-жоралғыны ысқат немесе підия деп атайды. Мәйітті молаға жеткізуге арналған ағаштан жасалынған Орынбор қазақтары бесік дейді. Шығыс Қазақстан өңірінде мәйітті (әсіресе, сәбиді) зират басына дейін шаңыраққа салып алып жүреді.