Қажықұмар Шабданұлы туралы не білеміз?

15 Сәуір 2017, 09:09 5864

Ұрпақ үшін ұлағатты іс атқарған жазушы

«Ұлыларын ұлықтай алмаған елдің, ұрпағында салауат болмайды» демекші, ұрпағым, елім, жерім деген осынау қойнауы құт, топырағы торғын мекенімізден, ұлы топырағымыздан қаншама елдің ерлері өтті. Ал бүгінде, атын әлем таныған, өз әнұраны, көк туы желбіреген, Қазақстан деген айбынды, тәуелсіз елміз.

Енді айналамызға қарап, өткенді саралап, тарихымызды танып, ұлыларымызды ұлықтайтын кез келді. Бүгінімізді жеңіске толы берекелі істермен өрнектеп, ертеңімізге жарқын болашақ жарату үшін, өткенімізді бағамдап, танып білуіміз шарт. Ұшқан құстың қанаты талатын, тұлпардың тұяғы тозатын осынау Алтайдан Атырауға дейінгі ұлан-ғайыр даланы бүгінгі ұрпағына бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен, қызыл қанымен, аналарымыз ыстық жасына айырбастап, аманаттаған еді. Бүгінде ұрпақ санасында орыны бар батырларымызбен ақындарымыздан сырт, еліне еңбегін аямаған, бірақ бүгінгі жастар біле бермейтін қаншама батырларымызбен, ақын, жазушыларымыз бар, солардың бірі осы Қытай қазақтарының арасында танымал, сол жақтағы жазба әдебиеттің негізін қалаған, ақын, жазушы Қажықұмар Шабданұлы.

Жазушы, ақын, драматург жазба әдебиеттің дамуына өз үлесін қосқан Қажықұмар Шабданұлының өмір жолымен, шығармашылығын таныстыру арқылы, бүгінгі жастардың көкейіне, халқы үшін аянбай тер төгіп, ұрпақ үшін ұлағатты іс атқарған, жазушыны таныстыру.

Ұлттың рухы өсіп, ұрпақтың санасы оянып, елдің еңсесі тіктеліп, етек- жеңі қымталған бүгінгі қоғам, біздің елдің басына батпан бақ әкелді. «Атасы абызға, анасы аңызға» айналған, баласы бағызы елдің ұрпағы екенін мақтан еткен, данасы дара жол бастап, қарапайым халық санасынан өткізіп, зерделеп, сол дара жолмен дара шыңға бет бұрған, «Қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған», жақсы күн бастан өтіп жатыр. Ұлты болсада ұлтарақтай жері жоқ қаншама ұлттар, әркімнің қас-қабағына қарап, жалтаңдап, жаутаңдап өмір сүріп келеді. 1841 жылы атақты Жәңгір хан мектеп ашып, қазақтың қаракөздерін Орынборға оқыта бастаған тұстан-ақ біздің қоғам, шолпан жұлдызындай болған, болашақтың кілті білімде екенін танып- білген еді. Керуеннің де дамылдайтын кезі болатыны секілді ол заманда артынша, алай-дүлей қара дауылға тап болды, адасты, жарға соғылды, азайды, көкірігенен сәуле, жанарынан нұр өшті. Үш жүздің басын қосып Абылай ханда атасының жолын жалғап, қазақ даласында « Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жасаған, жаман ниетті жауынан арашалап, ақ байрақты көтеріп, ар-намысымызды қорғап, асыл арманын аманат еткен еді. Кешегі Мәржақып Дулатұлы, Ахмет Байтұрсыновтарда, елім деп еңіреп, етегі жасқа толып жүріп, ата жаудың көзіне шыққан сүйелдей болып, сүрінген еді. Ұлы Абайдың артында қалған мұрасы осы қоғамды үлкен ынтымаққа ұйыстырып, адамдардың кеудесіне адамдық деген асыл ұғымды сіңіріп келеді. Айта берсек жетерлік, ал осы ұлыларымыздың дәуірінде өмір сүріп, осы кісілермен тізе қоса отырып, ұлты үшін у ішкен қаншама бахадүр батырларымызбен, майталман ақындарымыздың да бүгінде кейбірінің аты жас ұрпақтың аузына түспей, шығармасы санасынан кетіп бара жатқаны шындық. Дүниені дүр сілкіндірген аласапыран соғыс өрті басылған, еркіндіктің есігі ашылған бүгінгі қоғам, елдіктің туын көтеріп, ертеңге қуана қарап, қуаттана алға аяқ басатын мезгілге келгеніміз анық. Өз кезінде заманымыздың заңғар жазушысы Шерхан ағамыз «Моңғол қазағы, қытай қазағы деген қазақ жоқ, дүниеде бір ғана қазақ бар, ол – қазақ!» деген еді.   Міне дүниенің қай бұрышында болсада түбінде қазақтың ұрпағына бір керегі болар деп түйгенін қағаз бетіне қалдырып, бір қазақ үшін өмірін арнаған аталарымыз осы кісілер еді, Ел болатын ел бесігін дұрыстайды, ал елдіктің мәңгі болғанын қалаған ел ерінің есімін ұмытпақ емес!

Назира Тохан

Бөлісу: