Қазақтың күй өнері

16 Қыркүйек 2017, 15:31 7192

Ұлттық өнер туындыларының жіктелуі

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ халқы тарихының небір жарқын беттері көптеп ашылып келеді. Сондай ұлттық құндылықтар қатарында, сөз жоқ, музыка мәдениетіміздің алатын орны ерен. Ұлттық мәдениет пен өзіндік ерекшеліктердің негізін құрайтын дәстүрлі музыкамыздың аспаптық саласы, оның ішінде домбыра күйлерінің жақсы сақталған мол мұрасымен белгілі болып келді, ал осы ұлттық саз өнеріміздің ең аз сақталған түрлерінің бірі – сыбызғы күйлер еді.

Ұлы дала төсінде жөңкіле көшіп жүрген бабаларымыздың ең байырғы музыка аспаптарының бастысы да осы сыбызғы аспабы болған. Ежелден бері қарай көшпелі малшылардың сүйікті аспабына айналған сыбызғы атауы көне тарихта да жиі кездесіп отырғаны дәлелденген. Ал шынында да, бұл аспаптың жасалуы өте қарапайым, ол кәдімгі қурайдан жасалынады. Біртіндеп сыбызғы тарту өнері ел ішіне кең тараған, тіпті мұндай өнер ежелгі кезде тайпалар мен рулар ішіндегі айрықша беделге ие болудың басты құралына айналып, үлкен мәртебе саналған. Кейіннен сыбызғының өзіндік орындаушылық үрдісі қалыптасып, түрлі дыбыс ойықтарымен барынша жетілдірілген түрлері пайда болды, сондай-ақ жезден жасалған сыбызғылар да кең қолданыста болғаны туралы тарихи деректер кездеседі. Негізінен, халық күйлерінің өзіндік құрылымы, орындаушылық, көркемдік ерекшеліктері анық сақталған. Аспап мүмкіндігін сарқа пайдаланған күйлердің айтар ойы, көркемдік жүйесі жоғары кәсіби деңгейден көрініп, әр алуан болып келеді. Сыбызғы тарту өнерінің көне әдіс-тәсілдері мен бүгінгідей жетілген үрдістерін де осы күйлерден көруге болады. Ұлттық дәстүрлі саз өнеріміздің ешкімге ұқсамайтын ерекше құндылықтары саналатын бұл күйлердің халқымызға қайта оралуын ерекше құбылыс деп қарауымыз қажет. Сонау сақ- ғұн дәуірінен бастау алатын ата салтты күй тарту өнеріміз, әсіресе, домбыра аспабынан кең өріс алып, ғасырдан ғасырға ауысып, бірнеше мыңдаған үлгілері бар күй қорын құрып, бүгінге жетіп отыр. Ұлттық музыка аспаптарымыздың ішіндегі ең көп таралғаны әрі қазақтың сырласы мен мұңдасындай болып, жан 41 серігі атанғаны да осы домбыра аспабы. «Күй» деген бір сөзбен ғана айтылатын ұлттық аспапты шығармалар сол ұлттың тарихын, дүниетанымын, мінез- құлқын әуезді тілмен мыңдаған жылдар бойы жырлап келе жатқан ерекше дәстүрі бар іргелі өнер. Байырғы көне күйлердің шығарушылары ұмытылса да, халық күйлері болып аты мен заты бізге жетті. Сан ұрпақтың дарынды күйшілерінің қолында толысып, жетіле түскен халық күйлері бүкіл тұтас ұлттың музыкалық мұрадағы ең мол рухани қазынасына айналды. Домбыраны, әсіресе, адамның алпыс екі тамырын иіткен «алпыс екі қоңыр күйлер», яғни психологиялық, мінезді күйлер кең өріс алған.

Шығу тарихы мен аңыз-әңгімелеріне және мән-мазмұнына орай домбыра күйлері тартыс күйлер, тарихи күйлер, аңыз күйлер, арнау күйлер деп аталатын бірнеше күй топтарына бөлініп, зерттелінеді. Сондай-ақ домбыра өнеріндегі өзіндік мінезі мен орындаушылық үрдісі тұрақты қалыптасқан жанрлық күй атауларын да айрықша атауға болады. Мысалы, жігерлі, желпінген көңілді білдіретін «Ақжелең» атты күй төкпе күй дәстүрінде кең өріс алса, шертпе дәстүрінде екі шекте кезек сөйлейтін «Қосбасар» күйлері барынша өркен жайған. Қазақ халқының байырғы мәдениетінің бізге бұзылмай жеткен мұрасының бірегейі – күй өнері. Күй – әуелі аңыз, шежіреден сыр тартатын шешеннің сөзі, содан соң барып – саз. Қобыз – Қорқыттан басталса, домбыра – Кетбұғыға тиесілі дейді тарих ғылымы. Осы уақытқа дейін қазақтың дәстүрлі музыкасы біртұтас мәдени-рухани құбылыс ретінде ғылыми тұрғыда парықтала қойған жоқ. Нәтижесінде, қазақ музыкасы жалпы қазақ тарихының, қазақ филологиясының немесе қазақ мәдениеті мен өнерінің аясында мәдени-рухани айғақ ретінде ғана зерделеніп келеді. Мұндай үрдістің негізгі себептерін былайша пайымдауға болады: - Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін қоғамдық ғылым салалары мен білім жүйесіндегі мемлекеттік монополияның, қасаң идеологияшылдықтың, әсіресе, мәдени-рухани құндылықтарды парықтауда еуропашыл көзқарастардың үстемдік құруы қазақ музыкасын оқыту және зерттеу істеріне басымдық сипат бермеді; - қазақ музыкасы туралы осы уақытқа дейін жинақталған тарихи, этнографиялық материалдар ғылыми тұрғыда түбегейлі сараланбай келді, нәтижесінде қазақ музыкасының тарихи болмысы мен қадір-қасиеті түбегейлі айқындалмады; - қазақ музыкасының тарихы жалпы тарихтың немесе жалпы мәдениет туралы деректемелердің аясында сипатталумен шектелді; - қазақ музыкасын біртұтас мәдени-рухани құбылыс ретінде парықтауға мүмкіндіктің болмауы, өзінен-өзі бұл саланы оқыту қалыбының бұлыңғыр болуына, зерттеу жүйесінің шашыраңқылығына себепші болды, сөйтіп, қазақтың дәстүрлі музыкасы бірде тарихтың, келесіде мәдениеттанудың, енді бірде фольклортанудың аясында ғана қарастырылып келді

Нарықтық заман талабына сай отандық кітап индустриясы да барынша әлемдік баспа өркениетінен қалыс қалмауда. Бұл да тиісті орынды иеленудің айрықша мүмкіндігі десе де болады. Қазақстан баспалары бүгінде әлемдік баспалардың ең озық әрі соңғы техникалық-полиграфиялық мүмкіншіліктерін 46 ескере отырып, жаһандану үрдісіне ілесуде. Отандық баспа кітаптары, оның ішінде ұлттық нақыштағы кітаптарымыз көптеген әлемдік кітап-баспа көрмелерінде алдыңғы орындарға шығып, көптеген тараптарға қызығушылық танытуда. Осылай бірте-бірте өркениеті мол сала барынша үдемелі даму үстінде екенін аңғарамыз. Көрші Ресей елімен де әріптестік қарым-қатынас орнату арқылы тәжірибе алмасып, қызметкерлерді қайта даярлау курстарына мол мүмкіндік туып отыр. Себебі, баспа саласында кадр біліктілігі, білімі қай кезде де басты рөл атқарған. Мұндай жоғары біліктілік пен өзге бәсекелестерге төтеп беру қарқыны бар болса, шығатын кітап өнімдері де мейлінше алдыңғы шепке шығары анық. Енді, жоғарыда атап өткеніміздей, ұлттық күй өнері бүгінде қазақстандық баспалардың күн тәртібіндегі ерекше басылымдардың бірі болып отыр. Бұған дейін бұл өнер түрі мейлінше дәріптелмей келсе, бүгінде еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін барынша жағдай мен мүмкіншіліктер бар. Ұлттық күретамырдан ажырамайтындай өскелең ұрпақты тәрбиелеу үшін де ұлттық күй өнеріне қатысты, күйшілер мен жыршы-термешілердің өмірінен үзік-үзік сыр шертетін мемуарлық романдар, тарихи толғаныстар, биографиялық, фотоальбомдық басылымдар көптеп басылуда. Бүгінде елордалық баспалар қатарында ұлттық өнерге айтулы өнер сіңіріп жүрген «Фолиант» баспасы мен Еуразия ұлттық университетінің жанынан құрылған «Күлтегін» баспасының еңбегі орасан. Көптеген құнды мұрағаттар, бұған дейін еш жерде жарияланбаған тың дүниелер, қолжазбалардың жаңартылған нұсқасы әдеби редакторлардың, ғалымдардың, профессор- оқытушылар құрамының сүзгісінен өтіп барып, қалың оқырманға жол тартуда.

Елордалық баспалар да ұлттық өнерді көптеп насихаттағандықтан, елордада мәдени мұражайлар, кітапханалар ашылып, өз алдына ұлттық өнерді дәріптейтін мекемелерге айналуда. Ал, осындай кітаптардың көптеп шығуына мыңдаған ғасырлық тарихы бар халқымыздың тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті мен салт-санасы сеп болуда. Бүгінде баспалардың едәуір бөлігі тиісті ғалымдар мен тарихшыларды, зерттеушілерді осындай ауқымды жобаларға тартып, тізе қосып жұмыс атқаруда. Осындай салмағы ауыр, өскелең ұрпаққа айтарлықтай мұра қалдыратын құнды еңбектер қатарында өнер қайраткерлері, өнертанушылардың еңбектері бар. Қазақтың ұлттық күйшілік, жыраулық өнеріне қатысты басылып жатқан кітаптардың өзіндік спецификасы да жоқ емес. Мәселен, кітаптардың басым бөлігі қатты мұқабаға басылып, ішкі және сыртқы беттері ұлттық калориттегі ою-өрнектермен толысып, колонтитул мен шмурцтитулдар да ұлттық нақышқа сай көркем безендіріледі. Бұл ретте осындай ғажайып дүниелерді алдымен өз қолдарымен сызып барып, компьютерлік графикаға салып өңдейтін көркем редакторлардың (дизайнерлер, графиктер, суретшілер) еңбегі ауыз толтырып айтарлық. Сондай-ақ, бір байқағанымыз – көптеген күйлерге қатысты кітаптардың орта тұсында ноталық басылымдар, сөз етіліп отырған күйлердің ескі және жаңа нұсқалары қоса беріледі. Бұл да бүгінде көптеген баспалардың ескеріп отырған маңызды жайттарының бірі. Себебі, ноталық жазбаларды бірге 47 басу арқылы оны ұмыт қалдырмаймыз, кітап арқылы дәуірден дәуірге түпнұсқа өз жалғасын тауып отырмақ. Әрине, Алматыда орналасқан «Өнер» баспасының рөлі едәуір орасан. Осындай ұлттық құнды мұраларды жариялауда бұл баспаға бүгінде елордалық баспалар әлде де ілесе алмай келеді. Сол үшін әлде де ізденіс, тың дүниелер, салмағы кір тасындай ауыр құнды басылымдар қажет. Сонда ұлттық күй өнеріне деген құлшыныс та артады. Бүгінде ірі-ірі сауда орындары саналатын: «Меломан» сауда желісінде, «Абай» кітап дүкені мен «Алматы кітап» әмбебап кітап дүкендерінде ұлттық күй өнеріне қатысты кітаптарды кездестіруге болады. Сатылымға қойылған бағалары да көбі үшін тиімді. Себебі, бағаның тиімділігі әр уақытта да оқырмандар үшін алдыңғы қатарлы талаптардың бірі. Демек, күй өнеріне қатысты кітаптар бүгінде барынша көптеп шығуда.

Дана Мәулен
Бөлісу: