Қазақтардың тарихындағы бірлік символы мен қасиетті орталықтары

16 Ақпан 2018, 09:41 7548

Бірлік символы қазақтың қасиетті орталығы Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кенесінде орнатылған тайқазан болған

Түрктердің арасында таралған аңыздардың шын мәнінде күнделікті өмірде орын тапқаны секілді қолданбалы өнерде де өз көрінісін тапқан. Олар негізі аңыз-жырлар арқылы жандандырылған.

Оң оқ халықтың территориясының орталығы Шу өзенінің бойында болғаны деректерден белгілі. Жазба деректер бойынша, Шу, Талас бойында Шығыс түрк қағанатының Тараз, Суяб, Меркі, Невакет сияқты орталықтары шоғырланған екен. Қағанаттың түрлі даму кезеңдерінде экономикалық және саяси мегаполис болып саналған әрбір орталықтары қала кейпінде қазіргі заманымызға дейін сақталынды және археологтар тарапынан біраз бөлігі де зерттелген. Аталған қала орталықтары келесі даму кезеңдерінде Баласағұн, Хиам бекінісі және басқа қалалармен бірге Қарахан, Оғыз бірлестігі және Дешті-Қыпшақ мемлекеттерінің қалыптасуында үлкен рөл атқарған қарлықтардың, оғыздардың, қыпшақтардың және басқа да түрк халықтарының экономикалық, әрі саяси орталығы ретіндегі қызметін жалғастырған. Ал қазақ халқының құрамына еңбекте аталған түрк тайпаларының бәріде кіріп қалыптасқан. Орталық Азия кеңістігіндегі ортағасырлық түрк тайпалары мәдениетінің тарихи даму контекстінде жинақталған дереккөздер, қазақ даласы мен Ыстықкөл маңындағы түрк мемлекеттілігінің құрылуы мен даму үдерісін жан-жақты ғылыми тұрғыдан дәлелдеуге мүмкіндік береді. Тарихи, археологиялық, антропологиялық, этнографиялық, эпикалық, нумизматикалық, сфагистикалық деректерді талдау нәтижесінде ортағасырлық түрк тайпаларының этникалық мәдениетінің дамуының негізгі және өзіндік ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік беретінді. Сонымен қатар, нәтижелердің арқасында Орталық Азия, Солтүстік Кавказ және Шығыс Еуропада сабақтастық дамуының ерекшеліктері анықтауға болады. Жоғарыда айтылған мағлұмат аясында Мерке мен Жайсандағы мәдени ескерткіштерді локализациялау мәселесіне және жерлеу ескерткіштерінің құрамына, түрк мүсіндерімен бірге ғұрыптық құрылыстарына, таңбалары бар мекендерге, құрбан шалатын орындар мен петроглифтерге тоқталу қажет. Меркедегі ғибадат аумағының көлемі 97 мың гектар болса, Жайсан ғибадатханасында ескерткіштер тығыз орналасып жалпы көлемі 65 мың гектар жерді алады. Мәдени және мемориалды құрылыстардың барлық бөлімдері түрктердің дүниетанымына бағындырылған. Оның басты ұғымы табиғат пен әлеуметтік аумақтарының мызғымас бірлігінде болып табылады. Түрктердің түсінігі бойынша әлемнің моделі Аспан/Тәңір және Жер-Судың тұтастығында жатыр. Әлеуметтік контекстте барлық нәрсенің тұтас идеясы түрк мемлекетін жұптаса басқаратын, ажырамас одақ жұптар қаған мен қатын бірлігімен амалға асты. Екі билеуші де түрк монеталарында бейнеленген, қолданбалы өнерде олардың бейнелерінде – айдахар және бөрі, құстар мен басқа да жануарлар символдары тотем түрінде көрсетілген.

Мұхаммед Хайдар Дулатидің деректерінде, Моғолстан ханы Есенбұғаның бауыры Жүністі хан етіп сайлау рәсімі түрктік дәстүрге сай өткізілгендігі айтылады. Жүніс хан әйелімен (қатын) бірге ақ киізге отырғызылып, хан сайланады. Қытай дереккөздері бойынша, алғашқы түрк қағаны Бумын да өзін Ел Қаған, ал әйелін қатын деп жариялаған екен. Деректерге сәйкес, қатын сөзінің әуелгі «өзен/су» мағынасы бүгінгі күндері қолданыстан шығып қалған. Сондықтан да түрк тілінде «ханым», бибі» дегенді білдіретін «Қатын/Катунь» топонимнің атауы болып сақталған. Қазақ хандарының тарихымен байланысты М.Х. Дулати анттың су ішумен/ант су ішу рәсімімен берілгендігін сипаттайды, ал көне орыс жылнамаларында «олар өздерінің сенімі бойынша ант суын ішті» деп жазылған (ант мағынасында тек түрк халықтары қолданылады). Ал түрк және қазақ тайпалары бірлік символы болған қасиетті суды ішіп, анттасқан. Қазақ тайпаларындағы бірлік символы қазақтың қасиетті орталығы Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кенесінде орнатылған тайқазан болған. Тайқазан бетіне араб әріптерімен – «суға арналған қазан» деп жазылған. Сол кесененің ішінде қасиетті құдық та бар. Қытай деректері бойынша, батыс түрк қағандары Тәңірге құлшылық жасаған. Құрбан шалу үшін әр жыл сайын 5 мамыр күні мемлекеттің жоғарғы мәртебелі адамдары бабалардың киелі үңгіріне барған екен. Профессор Т. Осаваның мәліметі бойынша таулы және тау маңындағы жерлерде қала орталықтарының шоғырлануы жыл сайын тау үңгірінде өткізілетін дәстүрлі құрбан шалу рәсімімен байланысты. Бұл киелі тауларды (Хан Тәңірі жотасы) мекендеген жоғарғы құдай Тәңірге құлшылығының көрінісі болып табылады. Қағанның беделдігінің кепілдігі киелі таулардың (Кіндіктас жотасы) территориясын басқаруда көрініс тапқан. Яғни, қағанның тек саяси және әскери қолбасшы ретінде емес, сонымен қатар, бұқара халық арасында культтік-мәдени басшы ретінде де қызмет еткен. Бұл құдіреттілік оның билігінің кепілдігі және болашақтағы тәуелсіздігінің белгісі болған. Таулы және тау маңындағы жерлерде қорғандардың, тас мүсінді құрылыстардың, руникалық жазулардың, аңшылық көріністері бар жартастардағы суреттер жоғарыда айтылған тұжырымдарға дәлел болады.

Араб, Сирия, Қытай жазба деректерін талдау нәтижесінде батыс түрк тайпаларының сипатталған дәстүрлі сенімдерде жыл сайынғы жасалатын құлшылықтар мен құрбандық рәсімдері рулық ата мекенінде орындалғаны жайлы қорытынды шығаруға болады. Батыс түрктердің тұрақты мекені Түркістан аймағы болғандықтан киелі таулары Тянь-Шань/Хан Тәңірі, ал оның айналасындағы далалары Түрк қағанатының рулық атамекені саналады. Сипатталып отырған аймақтарда ортағасырлық түрктердің орталықтарының орын тапқан дәлелі, кеңістіктің киелендіру идеясының, яғни қоршаған ортаны құрметтеудің көрінісі болып табылады. Осындай жағдайда өңірдегі топонимдердің этимологиясы қызығушылық туғызады. Шу өзені атауының этимологиясының түрктердің негізгі құдайларының бірі Жер-Судың символы болып табылады. Шу өзенінің бойы түрктердің сиыну жерлерінің аймағында Хантау таулары орналасқан. Ортағасырлық жазба деректерінде оғыздардың хантаулық тайпалары Руза өзеннің бойындағы жерлерді мекен еткені айтылған. С.Г. Агаджановтың пікірінше, Шу өзенінің Тянь-Шань тауларында басталатын Руза өзенімен байланысына күмән жоқ. Көне иран тілінде «руза» - «ruz» мағынасы ағу, құйылу мағынасын білдіреді. Хан атауына иеленген тау жотасының аймағында, орталық ретінде Қазақ хандығының құрылуы, заңды болып табылады. Өйткені бұл түрктерден қазақтарға жеткен тарихи сабақтастық. Антропологиялық зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып, «қазіргі қазақтар өзінің түпкі территориясында тарихи және этномәдени қауым және гомогенді антропологиялық тұтастық ретінде қалыптасқан» деп топшылауға болады. Түркістан территориясындағы ортағасырлық түрк тайпаларының этникалық мәдениеті генезисінің автохтонды концепциясына тағы бір дәлел. Сонау қола, ерте темір дәуірлерінен қарқынды дамыған металлургияның, көне дәстүрі түрк тайпаларының тарих сахнасына шығуы қарсаңында алдыңғы озық үлгідегі қару-жарақ түрлерін иемденуімен жалғасып, қытай деректерінде «темір балқытушы түрктер» деп сақталған. Сириялық дереккөздерде ежелгі Тараз қаласында Византия елшісін қарсы алған түрктер оған, тек тері, металл секілді, зергерлік бұйымдарды ғана ұсынып қана қоймай, елдерінде темір шикізатының молдығы мен металлдардың үлгілерін көрсеткені баяндалған.

Академик Әлкей Марғұланның және кейінгі зерттеушілердің көзқарастары бойынша, қазіргі заманғы Екібастұз, Жезқазған, Балқаш секілді металлургиялық орталықтардың жұмыстары қола дәуірінен басталып, орта ғасырларда жалғасып, кейінгі дәуірлерде дами түскен. Темір, мыс, қола өндіретін шикізат территорияларының барлық өңірлеріндегі кеншілер қонысы зерттелген. Олардың бірі Әлкей Марғұланның сипаттауы бойынша, Шу өзенінің оң жағалауындағы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылының шетінде орналасқан. Бірлік қоныстының тіпті атүсті қарағанның өзінде, көптеген темір қалдықтары және жартылай өнімдер мен жартылай металл қалдықтары бар екендігі байқалған. Моғолстан территориясы өңіріне қосылған Жәнібек пен Керей бүкіл Түркістанның оқшауланған аймағын өздерінің стратегиялық түйіні ретінде ұсынған. Жан-жағы Тянь-Шань, Қаратай, Хантау жоталарымен қоршалған және суы мол, малға жайлы, егіншілікке қолайлы тау жүйелері арасында орналасқан жазиралы Шу/Су өзені аңғары ең әуелі тіршілік көзі болып саналған. Мемлекет құру кезіндегі тұрақты әскери қарсыластық шарттары мен қару-жарақ өндірісінің қажеттіліктеріне байланысты аталған өңір руданың отаны саналатын Жезқазған-Балқаш аймағына шығуға жағдай туғызған. Қазақ хандығын оқшаулау тұрғысында, Шу алқабы территриясын таңдау, қазақ қоғамының тарихи дамуы кезеңінде ұзақ уақыт бойы қарқынды дамыған кезеңінде ұзақ уақыт бойы қарқынды дамыған металлургиямен байлынысты болуы мүмкін. Деректерден белгілі болғандай, түрктер Талас өзенінің жоғарғы ағысында өз күміс кеніштері болған және Мысыр мен Үндістанға күміс тасыған «темір өндірушілер» болған, тіпті ерте ортағасырлық дәуірде темірді тек өз қажеттіліктері үшін өндірумен шектелмеген. Араб және парсы деректерінде Демиртаг/Теміртау қаласы кездеседі және бұл топоним бүгінгі күнге дейін сақталған. Кенішті Жезқазғанға, Кіндіктас жотасына Қазақ хандығының оқшаулану аймағының жақындығы, бәлкім, экономикалық факторлардың бірі ретінде маңызды болған болуы керек. Қазақ тайпаларының әскери іс-қимылдарға қатысқаны тарихтан белгілі факті, бірақ қазақ хандығының даму дәуіріндегі металлургияның дамуына қатысты мәселелер қосымша зерделеуді талап еткен.

Ол сондай-ақ, Жібек жолы арқылы байланысып жатқан Қытай, Орталық Азия, Иран, Үндістан, Ауғанстан және Орта Азияның оңтүстік өңірлерімен өзара байланыстары мен халықаралық экономикалық және саяси байланыстарының факторы болып табылады. Деректер куәландырылғандай, Жібек жолы озық ойлардың мәдени алмасулардың, діндер арасындағы диалог жолы және тарихи дәуірдің барлық жетістіктерінің жолы болған. Орталық Азия кеңістігіндегі ортағасырлық түрк тайпалары мәдениетінің тарихи дамуы контекстінде жинақталған дереккөздер, қазақ жеріндегі батыс түрк тайпалары мемлекеттігінің және кейінгі Қазақ хандығының құрылуы мен даму үдерісін жан-жақты ғылыми тұрғыдан дәлелдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, алынған мәліметтер Орталық Азия, Солтүстік Кавказ, Шығыс Еуропа кеңістігіндегі кейінгі даму үрдістерінің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берген. Жайсан ғибадатханасы аймағындағы оқшауланған киелі жерлерде, әртүрлі культтік нысандарда, тас мүсіндердің келбеттерінде, стелаларда, ғұрыптық қорғандар мен қоршауларда белгіленген меншікті белгілердің формаларын зерделеу, дәстүрлі таңбалардың даму шеңберін зерттеу, ортағасырлық Қазақстан территориясындағы шығыс және батыс түрк тайпаларының этномәдени генезисінің үрдісі туралы қосымша дәлелді баяндама жасауға алып келген. Өмірлік қызметтің түрлі саласында, иелік аймақтарын белгілеуде, монументалды өнер ескерткіштерінде тайпалар мен рулардың шығу тегін ажырату белгілері ретінде, теңгелер мен және т.б. заттарда таңбаларды пайдаланудың дәстүрлі кең таралуы түрк көшпелілерінің этномәдениетінің өзіндік ерекшелігін сипаттайтын белгілердің бірі болып табылады. Түрк таңбалары Жайсан ғибадатханаларынан табылған деректер бойынша белгілі және олар оң оқ бодын халықтарының таңбалары деп түсіндірілген. Бұл таңбалардың ұқсас үлгілері Қырғызстандағы руникалық жазбалармен қатар бейнеленген таңбалармен және ерте ортағасырлық Шаш оазисінен табылған монеталардағы таңбалардың формасымен сәйкес келуі тарихты жаңғыртудағы бұлтартпас дереккөз болып табылады. Айтарлық, он оқ тайпасының таңбасы қазақтардың қаракесек руының меншік белгісі түрінде сақталған.

Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Түркістан және Шаш өңірінен табылып отырған монеталар мен тас мүсіндердегі және жартас беттеріне қашалған түргештердің рулық таңбаларына талдау жасау нәтижесінде таңбалардың ұқсас тұжырымдары алынған. Ромб немесе үш бұрышты таңбаларды еске түсіретін бойтұмарлар қазақ этнографиясында қазіргі күнге дейін жақсы сақталған. Шапырашты және ошақты руларының да таңбалары тұмар үлгісінде бейнеленген. Жартас беттеріндегі ромб тәрізді тұмартаңбалардың бейнеленуінің басты мақсаты, Жайсан ғибадатханасы киелі аймағының шекарасын белгілеу қызметін атқарған. Екінші жағынан, сипатталып отырған таңбалардың формалары Оңтүстік Қазақстан мен Шаш оазисінен (VII-VIII ғғ.) табылған түрк монеталарында кездесуі, Шу өзені аңғарында орналасқан орталық иелігіндегі түрк халықтарының белгілі даму кезеңінің этномәдени эталондарын ерекшелеуге мүмкіндік береді. Жартастарға қашалған, монеталарға бейнеленген, тас мүсіндердің кеуде тұсындағы тұмар түріндегі белгілер мазмұны жағынан түрктердің өздері пайда болған жері – қасиетті тас, киелі рулық тау туралы мифологиялық идеялардың көрінісі болып табылған. Түрктер өздерінің нағыз бабаларының жолын ұстап, қасиетті тасты ылғи да бойтұмар қылып кеуделерінде тағып жүрген. Дөңгелек формасында көрсетілген таңбаның күн культімен байланысты екендігінде дау жоқ. Түсінікті болуы үшін Ұлы жүз Дулаттардың шеңбер тәрізді рулық таңбасымен салыстырғанда жемісті нәтиже берері анық. Дулаттар өздерінің таңбаларының екі нұсқасы барын айтқан: оның бірі – шеңбер. Дегенмен, халық ауызында «Күн таңбалы Дулат» деп те айтыла береді. Және Дулаттардан тарайтын Ботбайлар қазіргі күнге дейін өздерінің рулық мекенінде отыр және киелі Жайсан ғибадатханасы территоиясындағы жартастарға өздерінің шеңбер тәрізді рулық таңбаларын қашап салған. Рулық таңба үлгілерінің тұтастай сериясы Талас өзені аңғарындағы Қаратау бөктеріндегі жартас беттеріне қашалған. Олар, әртүрлі нұсқадағы шеңбер немесе сап тәрізді қосымша сызықтармен суреттелген. Шеңбер тәрізді бейнелеген таңбаны үйсіндердің рулық таңбасымен теңестіруге болады. Ұлы жүз қазақтары ауыз екі дәстүрлерінде өздерін ежелгі үйсіндердің ұрпақтарымыз деп санаған, ал, кейбір деректерде Ұлы орданы да олардың ежелден бүгінге дейін мекен еткен ареалы да үйсіндердікі деп көрсетілген. Ұлы жүз тайпаларының таңбаларына талдау жасау контестінде, күн культінің мағынасын білдіретін шеңбер тәрізді негізде жасалғандығы назар аудартқан. Әртүрлі нұсқадағы шеңбер тәрізді таңбалар, Албан (күн таңба), Суан (күн таңба), Сары үйсін (Абак, Шөмиш), Дулат (Абак, Дөңгелек) – Сиқым (күн таңба), Жаныс (күн таңба), Ботпай (күн таңба) руларында да кездеседі. Шеңбер формасы, Кіші жүз руларының ішінде шежірелік жағынан тамыры тереңде тоғысатын кердері, рамадан және табын руларының таңбасында бейнеленген. Кейбір деректер болса, рамадандардың әскери ұрандарының «дулат» аталуы және рулық таңбаларының да ұқсас болып келуі бұл рудың Ұлы жүздерден тарайтындығына тағы бір дәлел бола алады. Жайсан ғибадатханасындағы түрк ескерткіштеріне қатысты материалдар, ІХ-Х ғғ. Қазақстан территориясында болған мәдениеттер тоғысының одан арғы үдерісін сипаттайды. Ескерткіштерге жасалған кешенді талдау нәтижесі, жекелеген түрк этностарының батысқа бағытталған – Еділ-Дон өңіріне, Кавказ, Орта Азияның оңтүстікке қараған аймағына және Иран мен Кіші Азияға қоныс аударуының себептерін анықтауға мүмкіндік берген. Археологиялық және жазба дерек материалдары бойынша, түрк тайпаларының кейбір бөліктерінің оңтүстік, шығыс, батыс бағытқа жылжуымен қатар, түрк тайпаларының негізгі бөліктері қазіргі Қазақстанның географиялық аясындағы ата-жұртында қалған. Қазақ халқының этникалық ядросын құраған түрк және қазақ тайпаларының этникалық мәдениетінің генетикалық сабақтастық процесі, дәстүрлі қазақ этномәдени кешенінің барлық негізгі белгілерінде байқалған. Ұзақ жылдар бойғы тұрақты елді-мекендердің даму мәселесіне жүргізілген зерттеу тәжірибесі, жиналған мәліметтердің салыстырулы, олардың қазақтардың елді-мекен құру дәстүрімен байланысын көрсеткен. С.Жолдасбаевтың зерттеуі бойынша, территория жағынан, аталмыш процесс Қаратау, Жетісу және Оңтүстік Қазақстан өңірлерінде анық көрінген. С.Жолдасбаевтың бақылауы бойынша, оңтүстік көшпенділердің елді мекендерінің басты ерекшеліктерінің бірі – олардың қысқы қоныстарының ерекше киелі сипатқа ие болған культтік-жерлеу кешендерімен тығыз байланыста болуы. Сонымен қатар, тіршілік сақтау факторларының бірі, материалдық мәдениеттің тірек элементі... қоныстар болған, өйткені отырықшылықсыз шаруашылықпен айналысып, мәдени даму және қалыпты өмір сүру мүмкін емес.

Жерді жасанды ылғалдандырудың дәстүрлі суландырудың тәсілі Оңтүстік Қазақстан территориясында б.з.б. І мыңжылдық ортасында пайда болған. Ежелгі және ортағасырлық ең үлкен суармалы егіншілік орындарының бірі Жетісудің оңтүстік-шығысы мен Талас және Шу алқаптары, алқапты егін шаруашылығы мен көшпенділердің далалық қиылысында орналасқан. Басқа да зерттеушілер пікірі бойынша, сонау Қырғыз Алатауынан басталатын Талас және Шу өзені аңғары территорияларының географиялық ерекшеліктерін көрсете отырып, қоныстардың сумен жабдықтау жүйесінде жақсы дамыған суармалы құрылыспен, жан-жағында шаруашылықтың өзіндік түрі қалыптасуында бұлақ қайнар көздерінің маңызды рөл атқарғанын байқалады. Түрк мұрасын зерттеу нәтижесінде, Жайсан культтік-мемориалдық кешенінің оқшауланған аймағындағы қоныстануға жарамды жерлерде су, бұлақ қайнар көздері бар, тұрғын үшін қолайлы қоныстардың қалдықтары, бау-бақша мәдениеті үшін жасалған шағын алаңқайлар, дамыған суландыру жүйесі мен басқа да дамыған жүйелердің іздері сақталған. Жалпы, түрктердің Еуразия мен Орталық Азиядағы ортағасырлық дәуірі мен қазақ халқының әлем құндылықтарына қосқан мәдени жетістіктері мен үлесі мәселесін саралаудың нәтижесі, Жетісу мен Шу-Талас алқаптары тұрғындары экономикасының дамуына шаруашылықтың кешенді формасы тән екендігін дәлелдеген. Ғылыми зерттеулер Қазақстанның түрлі аймақтарында экономиканы жүргізудің көшпелі тәсілі кешенділікпен және шаруашылық формаларының алуандылығымен сипатталатынын жорамалдауға мүмкіндік береді. Дегенмен, шаруашылықтың басқа түрлерімен қатар, көшпенділік те шаруашылықтың ең дамыған түрі болған. Өз атамекенінен тысқары жерде де әлеуметтің тіршілігін қамтамасыз ететін көшпенділік, көшпенділер үшін тіршіліктің жетекші формасы болған және сол үшін шаруашылықтың бұл түрі едәуір беделді саналған. Түрк халықтарының қайталанбас мәдениет үлгілерінің ерекшеліктерін көрсететін жартас өнер туындылары, тас мүсіндер, жекелеген культтік-ғұрыптық нысандар, рулық таңбалар, жартастарға қашалған түрк руникалық жазбалары сияқты мәдени ескерткіштер орта ғасырларда Қазақ даласының кеңістігінде мекендеген түрк тайпаларының этномәдени бейнесінің айқын айғағы бола алатынды.

Қазақ хандығының 550 жылдық мерей тойы аясында, Шу алқабында Жәнібек пен Керей хандардың бастамасымен құрылған Қазақ хандығының территориясының идеологиялық және экономикалық басымдылықпен таңдалғаны айқындалып отырған. Іле, Шу және Талас өңірлерінің орталық меншігі саналған Тараз қаласының аймағы басқаруға және өмірге қажетті барлық тараптар бойынша өте ыңғайлы болған. Қазақ және түрк халықтарының халықаралық қарым-қатынасы контекстінде аталмыш территориялар Ұлы Жібек жолының қонтинент аралық трассасының дәнекерлік, байланыс аймақтары ретінде де қызмет еткен.

Бөлісу: