Қазақстанның мәдени қазынасы – әлем мұрасы

29 Мамыр 2017, 12:27 8372

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы ұлттық сананы жаппай жаңғыртуға бағытталған, деп есептейді «Астана Балет» театрының директоры Валерий Күзембаев. Бұл жайлы ол жаңа театрда өткізілген дөңгелек үстөл барысында мәлімдеді.

Шараға «Нұр Отан» партиясы Есіл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ахмет Сейітов, «Астана Балет» театрының директоры Валерий Күзембаев, сондай-ақ театрдың шығармашылық ұжымы мен әкімшілік қызметі қатысқан болатын.

Өз баяндамасында Ахмет Сейітов ашықтық пен жаһандық ықпалдастық жағдайында ұлттық сананы жаңғырту идеясы мен механизмдері тұжырымдық әдістеме мен өз біліміңді үздіксіз тереңдетіп отыруды талап ететінін атап өтті. Өз тұрғындарының қауіпсіздігін, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын қамтамасыз ететін әрбір ел адам әлеуетін арттыруға барынша күш салатыны мәлім.

«Жаһандық трендтің өз ережелері бар: басты құндылықтарды сақтай отырып, ілгері жүру, ал, жаңа идеяларды ой еркіндігі, прагматизм және ашықтықпен қамтамасыз ету. Мақалада дамыған, табысты, пассионарлы ұлт бейнесінің негізгі салалары мәдени кодты сақтап, сананың жаңа үлгісін қалыптастыру тұрғысынан көрсетіліп отыр», - деді ол өз баяндамасында.

Дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекетті жаңғырта отырып, еліміздің бірегей ұлттық кодын сақтау турасындағы Президенттің алға қойған мақсаттарын жүзеге асырудың нақты аспектілеріне көңіл аудару керектігін баса айтты. «Астана Балет» театрының ұжымы өз қызметіндегі басты бағыттардың бірі ретінде қазақ өнерінің дәстүрін сақтай отырып, адамдардың өнерге, оның ішінде, хореографияға деген қызығушылығын арттыруды көздеп отыр.

«Біздің жас ұжымымыз әу баста модернизацияны нысана етіп алған. Себебі, сіздің мақсатымыз – отандық мәдениеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және заманауи өнер әлеміне ықпалдастықты жылдамдату. Ол үшін әлемдік шедеврлерге айналған бірегей шығармаларды сахналаумен қатар, хореографияның заманауи, жаңа түрлеріне де ден қойып келеміз. Біз өз қызметкерлеріміздің шығармашылық әлеуетін арттыру үшін арынша жағдай туғызып, әйгілі сахна шеберлерін шақыртып отырамыз. Олардың арқасында біздің ұжымның кәсіби деңгейі шыңдалып, әлемнің жаңа сахналарын бағындыра бастадық», - деді «Астана Балет» театрының директоры Валерий Күзембаев. 

Мақала авторы, алдағы 5-7 жылда Қазақстан ұлттық қазынаның озық үлгілерін әлемге таныту қажет екенін атап көрсетті. Заманауи әлем мәдениетінің келбеті қандай, бағыт-бағдары нешік? Мәдениеттің дамуына қандай заманауи трендтер әсер етуде?

«Мәдени жаңалықтардың бәрінің ұлттық тамыры болуы тиіс. Әйтпесе, жаңғыру дегеніміз бос сөз болып қала бермек. Өткеннің, қазіргінің және болашақтың ізін жалғау үшін, өз мәдениетіміздің озық дәстүрлерін сақтай отырып, әлемдік деңгейдегі шедеврлерді жасау қажет. Өз саласының үздігі атануға әрқайсымыздың мүмкіндігіміз бар. Ең бастысы, бағыт-бағдарды дәл таңдап, өз салаңның шыңына жетуді мақсат етіп қою қажет», - деп атап өтті театр директоры.

Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар ұлттың бәсекеге қабілеттілігі экономикалық жетістік, халықаралық ықпалдастықтағы елеулі рольмен шектеліп қана қоймайтынын, бұған қоса, бәсекеге қабілетті мәдениетті қалыптастырып, өнердегі жетістіктерімізді әлемге паш ету керектігін атап өтті.

Бөлісу: