Қазақстандағы блог платформаларындағы фоторепортаждың жаңашылдығы

29 Қыркүйек 2017, 11:27 6262

Фоторепартаж жанрының ерекшелігі

Коммуникациялық үдіріске енді ғана араласа бастаған блогтар бұқараға фоторепортаж  таратудың жаңа формасын дүниеге әкелді. Қызметінің негізіне өзара қарым-қатынас жасау арқылы ақпарат құру мен оны тарату үдірісіне көпшілікті тарту жататын медиақауымдастықты құрды. Сонымен қатар, «халықтық журналистика» ұғымын енгізіп, жанрын қалыптастырды. Біздің медиа кеңістікке бұл түсінік әлі ене қойған жоқ. Блогтардың санының артуымен, интернет технологиялардың дамуымен бірге қалыптасатын бұл фоторепортаж жанрына болашақта жана сипаттар еніп, дами түсуі мүмкін.   

Негізі халықтық журналистка жанр ретінде Батыс елдерінің блогтарында көбірек көрініс табады. Ресейдің блогосферасын зертушілер блогтардың бұқаралық ақпарат құралдары алдында бірқатар артықшылықтаға ие болса да, қоғам блогосфераны түсінуге асықпайды дегенді айтады. Зерттеушілер бұл жағдайды, Ресей блогсферасының Батыс блогосферасынан кеш дами бастағанымен байланыстырып, қоғамдық сананың әлі қалыптасудың алғашқы сатысында жатқандығы себебін келтіреді.

Ал бұл деген сөз азаматтық қоғам құру барысындағы біздің жасаған сәтті қадамымыз. Блогинг – азаматтық журналистиканың бір саласы. Блогингтің алғашқы қарлығашы, негізін қалаушылардың бірі Ден Гиллмор блогтарды «Адамдар үшін адамдар жасайтын халықтық журналистика» деп сипаттайды. Қоғамды ақпаратпен қамту барысында сол қоғамда өмір сүретін адамдардың бәрі осы іске жұмылса, азаматтық журналистиканың қалыптаса бастағанын білдіреді.

Блогтардың, блогингтің алғаш пайда болған кезінде бірқатар зерттеушілер блогтардың бір уақыттары ақпарат құралдарының жаңа бір бейнесіне айналады деп ойлағаман да. Оны кезекті бір жаңалық ретінде қабылдады.

Қазіргі күні блогтарды іріктеудің қалыптасқан түрі, белгілі әдісі жоқ. Онлайн күнделіктерді түрге бөлгенде олардың болмысы, оларда жарық көретін материалдар мәніне қарай, блогтың бағыталған тақырыбы бойынша, техникалық негізіне қарай интернеттегі «Википедия» ашық энциклопедиясы блогтарды төмендегіше бөледі:

Авторы бойынша блогтар:

Тақырыптық тұрғыдан блогтар әртүрлі болып келеді. Саясат, ғылым білім, дін, экономика, спорт, сән, кино немесе әнге тағы басқа салаларға арналған блогтар бар. Бірақ, бірнеше тақырыпты қамтитын жазбалары бар блогтарды кездестіруге болады. Негізінен осы тәсіл көп тараған деп айтуға болады. Яғни, блогтар жалпы алғанда әмбебеп күнделіктер дап айтуға болады. Қазақ тілді блогосфераны тақырыптық тұрғыда талдаған статистикалық мәліметке жүгінсек, «Блогтардың тақырыптары:  

71% - әлеуметтік тақырыптар мен жаңалықтар;

29% - АТ тақырыбына арналған посттар мен тұрмыстық кеңестер.

Блогтардың негізгі тақырыптары – әлеуметтік тақырыптар, авторлар өз веб-күнделіктерінде жұмысы, қарым-қатынас, қалада болып жатқан оқиғалар жайлы жазып, әсерлері мен ойларын бөліседі. Сонымен қатар, белгілі бір тақырыпты алып, сол бағыттан ауытқымайтын блог авторлары да бар. Қазақ блогосферасындағы тақырыптық блогтар келесі сипатта болып келеді:

- ІТ (5 блог)

- Гастрономия (3 блог)

- Фотография (3 блог)

- Журналистика (2 блог)

- Поэзия (3 блог)

- Публицистика (7 блог)

- Қолөнер (1 блог)

- Әзіл (2 блог).

Блог табиғатына, болмысына қарай:

Мазмұндық түрі бойынша былай бөлінеді:

 Техникалық тұрғыдан блогтар төмендегідей бөлінеді:

Ресейлік ғалым М.Г.Шилина блогингті төмендегіше жіктеуді ұсынады: «Авторы бойынша: дербес және мультидербес (оның ішіне корпоративті және кез келген адам пікір қалдыра алатын ашық блог-форумдар да жатады). Ал мазмұны жаңынан екіге: тақырыптық және жалпылама деп бөледі. Сонымен қатар, автор материалды ұйымдастыру тұрғысынан да екіге бөледі: коментаторлық (бұл кезде автор посфактумды жан-жақты талқылайды) және провокаторлық (оқырман назарын өзіне тарту үшін автор ақпаратты өзі туындатады).

Блогтарда жарық көретін жазбаларды пост деп айтайды.

Пост, постинг (ағылшынша - Post) – қолданушының форумдаға не блогтағы жазбалары. Ол еркін пішін мен көлемде, мәтіндік немесе мультимедиялық (фото-, аудио-, бейнеопостингтер) түрде болуы мүмкін.

Блогoсфераға жасалған талдау онлайн күнделіктерді олардағы ақпараттық материалдары бойынша бірнеше топқа бөлуге болады:

Осылардың ішінде автордың жеке күнделігі ретіндегі блогтар қазақ блогсферасында ең көп кездесетін түрі. Оларда автор өзінің жеке өміріне қатысты жазбаларды, көңіл–күйі мен баған жерлері туралы не болмаса әртүрлі тақырыптарға байланысты өз пікірін жариялайды. Осы қатарға жататын қазақ тілді блогтар арасында көп оқылатын мына блогтарды мысалға келтіруге болады: Салтанаттың «Балғырғын» блогы (http://balgyrgan.wordpress.com/), Жапонияда оқып жүрген Жаннаның «Алты градус» деп аталатын блогы (http://altygradus.wordpress.com/). Сонымен қатар, Айжанның «Айкона» блогын (http://12aikon1986.wordpress.com/) да осы топқа жатқызуға болады. Жоғарыда айтылғандай, бұл топқа жататын блогтар қазақ блогосферасында көп кезедеседі. «Мылжың профессордың блогы» деп аталатын Бекжанның блогын (http://bekjan.dosym.kz/) да осы қатарға қосуға болады. 

«Kererkinfo.kz» блог тұғырнамасындағы фоторепортаж. КерекИнфо – әлеуметтік желілердің блогтарға негізделген түрі. Ақпараттық порталдың құрамдас бөліктері: блогтар, қауымдастықтар, пікірлер.

КерекИнфо сілтемесіне табан тіреген алғашқы сәтте-ақ ол өзінің айрықша дизайнымен, көзтартар сапалы суреттерімен және блог сүйер қауымға қашанда ашық алаң, сөз сөйлер мінберімен көзге түседі. Мұның өзге сайттардан ерекшелігі – журналистикаға қадам басқалы отырған немесе жазушылық қасиетін шыңдай түскісі келген кез-келген ықыласы бар адамды керемет бастамаға екпін береді. Ол қалай деуіңіз мүмкін? Көкейді тескен кез-келген тақырыпқа еркін көсіле алатын бірден-бір блог тұғырнама – КерекИнфо деп атауымызға әбден болады. Арнайы блог қолданушы халыққа ыңғайлы етіп құрылған бұл сайттың басты мақсаты да осы, яғни жастарды білімділікке, еркіндікке, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Ал ондағы фоторепортаждар маңызды рөл атқарады дегеніміз дұрыс. Себебі, газет басылымдарының электрондық нұсқаларындағыдай емес, мұнда аздап өзгешелік бар. Ол қалай? Мәселен, «Егемен Қазақстан» газетінің электрондық нұсқасындағы фоторепортаждарына байланысты берер ақпараттары да көлемді болып келеді. Демек, мәселенің оқырманға ұғынықты болуы жалғыз фотосуретке ғана емес, сонымен қатар материалдағы мазмұнға да байланысы бар. Ал блог платформаларда немесе қарапайым порталдарда бұл үрдіс өзгеше келеді. Көбіне, бөлімде берілетін фоторепортаждарды түсүндіру үшін бірнеше факторларды ғана ескереді. Яғни, іс-шараның өту аймағы, мерзімі, қатысушылар т.б. Бұл деген – материал басына оқиғадан кішігірім ақпарат беріп, әрі қарай қалың суреттер топтамасына кезек беруін айтады.

КерекИнфо сайтында мұрағат бөлімі болмағандықтан, көп материалдарды «Алдыңғы» делінген шүріппені басу арқылы шолып шықтым. Әрбір блогер өз материалында жеткілікті фоторепортаж қолданады екен. Мәселен, Мерей Ермұханов есімді блогер өзінің «Қияндағы Сиянь» деп аталатын жазбасында өзінің ҚХР-дағы ірі қалалардың бірі Сияньға барған сапарынан қалың фоторепортаж жасапты. Мұны – фотоочерк десе де болатындай. Себебі, сапар барысы – толығымен суреттерде қамтылған. Автор фоторепортаж стиліне сәйкес, өзі де суреттерді сөйлету үшін әуелі Қытай Халық Республикасы, одан қалса Сиянь қаласы жайлы аз-көпті мағлұматтандырып алған. Одан соң : «Менің саусағымның пернетақтаны ұрғылап жағаласқаны болмаса, негізінен, суреттер сөйлейді.» деп суреттер легіне кезек берген.

Айта кететін жайт, мұндай сайттардағы фоторепортаждардағы суреттердің сапасына сайт әкімшілігі жауап бермейді. Себебі, арнай штатқа құрылған журналист немесе фотограф болмаған соң, әрбір блогер өз мүмкіндігіне қарай суретті әр қилы етіп түсіреді. Әлбетте, кейбір суреттердің сапасы сын көтермей жатса, ендігі бір суреттер сапалы фотоаппараттың көмегімен түсірілген суреттер материалдың сәтті шығуына үлес қосып жатады. Тіпті, суретті қалай әрлеймін және өзгертемін десе де автордың өз еркі.

Себебі, сайтқа кез-келген адам тіркеліп, өз материалын еркін түрде жариялай береді. Оған ешкім шектеу қоймайды. Мәселен, мына бір суреттердің сапасы жоғары деңгейде болмағанымен, ондағы мазмұн оқырманды еліктіріп әкетететіні тағы бар. Оның үстіне, ресми сайттардағы фоторепортаж суреттеріндей емес, мына жерде барлық сурет біріктірілген және арнайы редакторланған. Осыған қарап, сайтқа жарияланатын суреттердің әркелкі болатындығын аңғара аламыз.

Сондай-ақ, мұндай типтегі блог тұғырнамалардың бір ерекшелігі – айтулы оқиғаларды ғана емес, көңіліне жақын қабылдаған кез-келген оқиғаны жеткізуде алдына жан салмайды. Республика, облыс немесе аудан төңірегінде қамтылатын іс-шаралардан бөлек, өз отбасында немесе достарымен болған көңілді кешті баяндауына да жол ашық. Мәселен, ms.Rakisheva есімді блог платформа қолданушы қыз өзінің «Мұз айдынында» деп аталатын жазбасында бұрындары мұз десе жанын ала қашатын сіңлісінің бүгінгі таңда осы спорт түрінен тәжірибесі мол екендігі туралы айтқысы келген. Мұз айдынына сіңлісімен барып, балаларды суретке түсіріп қайтқан автор, аталмыш блог платформаға өз фоторепортажын салуды жөн көріпті.  

Рақышева есімді блог қолданушы дәл осы материал ішіне 49 суретті сыйдырған. Бұл – сайттардағы фоторепортаждың бір артықшылығы деп білу қажет. Автор өз мүмкіндігіне қарай, қанша сурет салғысы келсе де өз еркінде.

Бұл сілтемеге кез-келген адам тіркеліп, өз материалын қиындықсыз жүктей алатын болғандықтан, фоторепортаж жасайтын адамдар саны да шаш етектен. Әрқайсысының стилі де әр қилы. Біреуі – фоторепортажын бір суретпен беруді ұйғарса, енді бірі – жүздеген сурет салуға да қауқарлы.

«Your Vision» блог-тұғырнамасындағы фоторепортаж. Your Vision (yvi.kz, yvision.kz) – отандық интернеттің коммуникациялық орталығы, еліміздегі негізгі пікірталас алаңы.

Бұл – әлеуметтік күнделіктерді онлайн режимде тегін жүргізу мақсатында құрылған Орталық Азия және Қазақстандағы ең ірі блог - портал саналады. Аталмыш блог-тұғырнама ең алғаш 2008 жылдың 1 маусымында Алматы қаласында өз жұмысын бастаған. Тек 2013 жылдың 1 қаңтарында сайтқа тіркелген қолданушылардың саны 180 мыңға жетсе, белсенді блогерлер санатын 2000-нан аса адам құраған.

2010 жылдың қараша айында Your Vision блог-тұғырнамасы AWARD.KZ атындағы ұлттық интернет премия бойынша «2010 жылдың ең үздік сайты» атағын жеңіп алды.   

Ал 2012 жылдың қараша айында блогинг және онлайн журналистика семинарларын ұйымдастырып, Қазақстанның Өскемен, Павлодар, Қарағанды, Астана, Қостанай, Ақтау, Алматы сынды қалаларын аралап қайтты.

Айта кететін жайт, аталған блог-тұғырнама Жерар Депардье және Тимур Бекмамбетов секілді атақты кісілермен бірнеше рет онлайн конференция да өткізіп үлгерді. Жалпы, онлайн журналистика мен блог саласына қосқан үлесі зор.

«Ювижион» блог-тұғырнамасындағы материалдардың архивтік нұсқасы, я болмаса арнайы «Фоторепортаж» айдары болмау себебінен, әрбір жазлған мақалаларды бастан аяқ қарап шығуға тура келді. Жалпы, мұның өзге сайт, порталдардан ерекшелігі – әуелі қайталанбас дизайны мен материалдарға қалдырылатын пікір мүмкіндігі жақсы қарастырылған. Яғни, кез-келген блогер өзі жариялаған материалдың бағасын білу үшін халықтың пікіріне жүгініп жатады. Бұл – автордың шығармашылық машықтығын, талпынысын арттыруға септігін тигізеді. Оқырманмен байланыс орнату – қазіргі журналистиканың құрамдас бөлігі іспетті.

КерекИнфо сайтындағы фоторепортаждар секілді, алайда мұндағы жарияланатын материалдар жауапкершілікке құрылады, әрі журналистикаға да жақындығы бар. Яғни, автордың қозғауы тиіс тақырыптары да жеңіл-желпі дүние емес, оқырманға қажетті немесе көкейтесті проблемалар ашық айтылады.

Мәселен, ағымдағы жылдың 15 маусымында Рүстем Мустажап есімді тіркелушінің «Атырау қаласы суға кетуде» делінген материалы жарық көріпті.  Иә, фоторепортаж көп сөзді қажет етпейді, оқырманға сөзден гөрі мүмкіндігінше сурет ұғыныңқы болатын секілді. Рүстем де осы әдісті пайдаланып бірнеше сөйлеммен ғана айтайын деген мәселесін тәмамдаған. Одан кейінгі сөз - суреттің еншісіне бұйырыпты: «Мамырдың 11-інен 12-сіне қараған түнде Атырау қаласында қатты нөсер болып, қала көшелері мен үйлері топан су астында қалған болатын. Бұндайды күтпеген қала көшелерінде су кететін тесіктер табылмады. Әкімдеріміздің құлағына алтын сырға. Төменде тұрғындардың ұялы телефондарынан алынған суреттер:»

Сондай-ақ, бұл блог-тұғырнаманың жаңалықтар бөлімі бар. Ондағы фоторепортаждар «Алаш-айнасы» немесе «Егемен Қазақстан», яғни кез-келген басылымдарда жасалатын фоторепортаждарға ұқсас. Себебі, ағымдағы күндерде өткен іс-шара, концерт немесе қайырымдылық кеші секілді айтулы шаралардан 3-4 суретке құрылған фоторепортаж жасалады. Мұнда материалдың жартысын суреттер құраса, жарты бөлігін текст құрайды. Демек, газет-журналдарда кездесетін баяғы стиль – «Ювижион» блог-тұғырнамасында да кездеседі екен. Соның бірі ретінде Данияр Тәжімбет есімді блогердің 10 қарашада жариялаған ««Алматы Энергосбыт» мекемесінде Ашық есік күні өткізілді» атты мақаласын мысалға келтіре аламыз. Мұндағы мақаласында ол небәрі 3 суретпен Алматы Энергокешенінің жауапты мамандарымен болған видеосұхбатты кіршіксіз түрде жеткізіп отыр. Жалпы ракурстан, одан соң адамдардың келбетін алған бұл суреттерді экранды түсірген суретімен тәмамдаған. «АлматыЭнергосбыт» ЖШС бас директоры Михаил Гамбургердің сөйлеп тұрған жерін кадрға сәтті алған. Сапалы түсірілген мұндай суреттерге қарап отырып бірден тәжірибелі журналистің жұмысын көруге болады.

«Ювижион» блог-тұғырнамасының тағы бір ерекшелігі – сыймай қалған немесе суреттердің барлығын толығымен салуға мүмкіндік болмаған жағдайда суреттерді өзге сілтемеге сақтап, материалдың астына соның сілтемесін беріп отырады. Бұл – тек фотоматериалдарға ғана емес, сонымен бірге видеоконференцияларға да арналған. Материалмен толық танысып шыққан оқырман тиісті бағасын беріп, әлеуметтік желілердегі парақшаларына бөлісе алады. Бұл үрдіс – жастардың мақала оқуларына және суреттер арқылы оқиғаның мән-жайынан хабардар болуларына мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда адамдарға жеткізіліп отырған ақпараттардың дені – әлеуметтік желілер арқылы таралатыны даусыз. Ал сайттар мен газеттер әлеуметтік желілердің көлеңкесінде қалып қойып жатады. Сондықтан да, сайт әкімшіліктері мен газет редакциясы әлеуметтік желілерден парақшалар ашып, өздеріндегі ақпараттарды сілтеме арқылы беріп отыруға мәжбүр. Сол сияқты, фоторепортаждардың да қаралуындағы басты үлес – әлеуметтік желі болып табылады.     

Дана Мәулен
Бөлісу: