KazAID брендімен қазақстандық IT экспорт даму үстінде

23 Желтоқсан 2023, 22:34 1022

Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық өзара іс-қимыл туралы декларация шеңберінде, сондай-ақ электрондық үкімет платформасының жүйелерін беру саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру мақсатында Душанбе қаласында KazAID брендімен «eGOV» электрондық үкіметінің бағдарламалық қамтамасыз етуі техникалық грант ретінде салтанатты түрде табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен «KazAID «Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» КЕАҚ және «ҰАТ» АҚ жүзеге асырды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Орталық Азия өңірінің елдерімен даму мақсатында ынтымақтастық жандандыруда. Негізгі бағыттардың бірі біздің еліміз мемлекеттік басқарудың электрондық платформасын құруда инновациялық тәжірибеге ие отандық Ақпараттық технологияларды (IT) ілгерілету.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл бастамасы IT технологиялар саласындағы қазақстандық жетістіктерді экспорттау үшін мүмкіндіктерді кеңейте отырып, Қазақстан Республикасы ұсынатын дамуға ресми көмектің сапалы үлгісі болады.

«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» КЕАҚ және «ҰАТ» АҚ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен өткізуге дайын «eGOV» электрондық үкіметінің жұмысын қамтамасыз ету үшін персоналды оқыту қажеттілігіне әкелетіндіктен жобаның ұзақ мерзімді перспективалары бар екендігі айта кету жөн.

Перизат Саденова
Бөлісу: