Қатпарлы бәліш

24 Қаңтар 2018, 11:25 11377

Жылдам әрі оңай 

Түскі асқа немесе кешкі асқа не пісіремін деп ойланып отырсыз ба? Олай болса сиыр етінен тартылған фарш пен картоп қосылған бәліштің (запеканка) рецептін ұсынамыз.

Керек ингредиенттер:

Фарш - 500 гр

Сәбіз - 2 орташа сәбіш

Пияз - 1 тал

Ірімшік (сыр) - 200-300 гр

Майонез - 2 ас қасық

Қаймақ - 2 ас қасық

Тұз бен бұрыш

Картоп пен сәбізді үккіштен үгіп, пиязды турап аламыз. Тағамыңызды пісіретін шыны ыдыстың астына май жағып, алдымен картопты бір қатар етіп, төсейміз.

Сәл тұз бен бұрыш сеуіп, бетіне жұқалап фаршты орналастырамыз. Осы ретпен сәбіз бен картопты төсеп, бетіне екі қасық майонез бен қаймақты үгілген сырмен араластырып жағамыз. Пешті 180 градусқа қыздырып, тамақ салынған ыдысымызды пешке қоямыз. 40 минутта тағам әзір.

Оңай әрі жылдам. Ең бастысы дәмі тіл үйіреді.

Ас дәмді болсын!

Бақытгүл Абайқызы
Бөлісу: