«Каспийдің» экс-басшысы деструктивті діни ағым өкілдерімен байланыста болды деген күдікке ілінді

Кеше, 18:21 245

Антикор брифингінде «Каспий» футбол клубының бұрынғы директорының деструктивті діни ағым өкілімен байланысы болуы мүмкін екендігі айтылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Каспий» футбол клубының бұрынғы директоры мен деструктивті діни орта өкілдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Олар зорлық-зомбылық әрекеттерін жасай отырып, аса ірі мөлшерде ақша бопсалады деген күдікке ілікті. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабының негізінде үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта бұрынғы директордың оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру үшін футбол клубына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілері қатысы тексеріліп жатыр, - деді Антикордың ресми өкілі Данияр Биғайдаров.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: