Каспийдегі арнайы іс-шара барысында 100 шақырымнан асатын ау табылды

6 Мамыр 2023, 15:15 818

Қазақстан мен Ресей елдерінің шекара қызметтері уәкілетті органдарымен бірге браконьерлік әрекеттердің жолын кесуге бағытталған жедел профилактикалық іс-шаралары кезінде 100 шақырымнан асатын броконьерлік торды тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Рейдтік іс-шаралар барысында Каспийдің Қазақстанмен шекаралас суларында 58 құқық бұзушы және 23 жүзу құралдары ұсталды. Ұзындығы 100 шақырымнан асатын браконьерлік тор және өзге аулау құралдарын алғанын мәлімдеп отыр. 

Табиғи мекендеу ортасына 288 бекіре тұқымдас балық, 13 мың ұсақ тұқымды балық және 7 итбалық жіберілді. Сонымен бірге, 1 647 375 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, мемлекетке 588 млн теңгеден аса келтірілетін залалдың алды алынғаны белгілі болды.

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Каспий теңізінің биологиялық байлығын қорғауға бағытталған шараларын жалғастырып жатыр. 

 

 

Асқар Таудай
Бөлісу: