Каспий құбыры. 30 тәулік шектеу 200 мың рубль айыппұлға ауысты

12 Шілде 2022, 06:22 1100

Осыдан кейін Каспий құбыр желісі консорциуымы Новоросийск аудандық сотына КҚК жұмысын тоқтатуды шегере тұру туралы өтініш жолдаған.

Краснодар аймақтық соты Каспий құбыр желісі консорциуымы (КҚК) түсірген апелляциялық шағымды қарап, КҚК жұмысын 30 тәулікке тоқтату туралы Новоросиийск аудандық соты шығарған шешімді бұзды, деп хабарлайды EL.KZ.

Азаттықтың мәліметіне қарағанда, апелляциялық сот КҚК-ға 200 000 рубль айыппұл салды. Сот шешімі күшіне енді.

5 шілдеде Ресейдің Новороссийск қаласындағы аудандық сот Каспий құбыр желісі консорциумының (КҚК) жұмысын 30 тәулікке тоқтатқан. Бұған "консорциумның апат кезінде төгілетін мұнайды жою жоспары жөніндегі құжаттары дұрыс емес" деген уәж айтқан. Олқылықты жоюға берілген мерзім 30 қарашаға дейін белгіленсе де, Ространснадзор Новороссийск сотынан КҚК жұмысын 60 тәулікке тоқтатуды сұраған.

Осыдан кейін Каспий құбыр желісі консорциуымы Новоросийск аудандық сотына КҚК жұмысын тоқтатуды шегере тұру туралы өтініш жолдаған.

Консорциум өкілдерінің айтуынша, "заң бойынша өндіріс процесіне орасан зиян келтіретін шараларға жол беруге болмайды".

"КТК-Р" компаниясы үздіксіз жұмыс істейтін кәсіпорын, оның қызметін дереу тоқтатса, өндіріс процесіне орасан зиян келуі мүмкін, техника нысанында ауыздықтауға келмейтін қолайсыз жағдай пайда болуы ықтимал - деп жазылған КҚК хабарламасында.

Каспий құбыр желісі арқылы тасымалданатын мұнайдың 90 пайызға жуығы – Қазақстаннан келеді және олар түгелге жуығын шикізатпен "Теңіз", "Қашаған", "Қарашығанақ" мұнай жобалары қамтамасыз етіп отыр. Осы құбырмен Ресей мұнай кеніштерінде өндірілген біраз шикізат та тасымалданады.

EL.KZ
Бөлісу: