Каспий теңізінің жағалауында екі жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
22 шілдеде сағат 20.50-де Маңғыстау облысы ТЖД 112 пультіне Ақтау қаласының төртінші «а» шағын аудандағы Каспий теңіз жағалауынан серфинг-таяқшасымен жағадан 1,5 шақырымға ағыспен алыстап кеткен 2006 және 2007 жылы туған екі жасөспірімді Маңғыстау облысының ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылары құтқарды, - делінген облыстық ТЖД таратқан хабарламада.
Медициналық көмек қажет болған жоқ.
Авариялық-құтқару жұмыстарына жедел құтқару жасағының құтқарушылары мен жүзу құралы жұмылдырылды.