Каспий теңізінің суы тартылып барады: ғарыштан түсірілген суреттер жарияланды

12 Шілде 2023, 16:26 2379

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ғарыштық түсірілім деректері бойынша Каспий теңізінің жағдайына мониторинг жүргізіп, суреттерін жариялады, онда соңғы 15 жыл қамтылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ғарыштық түсірілімдердің мұрағатынан Каспий теңізінің тартылып бара жатқаны анық байқалады.

Мамандардың сөзіне қарағанда, соңғы 15 жылда Каспий теңізінің қазақстандық секторының акваториясы 7,1%-ға қысқарды.

Оқи отырыңыз:

Қазақстан Республикасының шекарасында 2008-2023 жылдар аралығындағы су бетінің ауданындағы өзгерістер динамикасы көрсетілген. Қазақстан бөлігіндегі Атырау қаласына жақын жерде (Жайық өзенінің атырауы) теңіздің кең тартылған аудандары байқалады, - делінген мәліметте.

Каспий теңізінің Қазақстандық секторының су беті ауданы 2008 жылы 113 866,67 км2, 2023 жылы 105 745,23 км2 құрады. 

15 жыл ішінде әртүрлі уақытта түсірілген ғарыштық суреттердің анализі су беті ауданының азайғанын анықтады. Мамандар теңіз деңгейі төмендеген болуы мүмкін екендігін де жоққа шығармайды. Дегенмен бір анығы – оның салдары міндетті түрде болады.

Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі экожүйеге де, теңіз шаруашылығына да әсер ететін бірқатар жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. ЖҚЗ мәліметтері бойынша ең осал орын – Атырау қаласына жақын жердегі Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігі, - делінген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: