Каспий теңізінде қайықта қалған үш адам жағаға жеткізілді

8 Шілде, 05:32 701

Ақтауда қайықпен теңізге шыққан  үш адам құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ақтау қаласында ТЖД қызметкерлері Каспий теңізінің жағалауынан 2 шақырым қашықтыққа қайықпен жүзіп кеткен 20-25 жас аралығындағы 3 ер адамды құтқарып қалды. 

Оқиға кезінде ТЖД қызметкерлері оларды жағалауға жеткізді. Қайықтағы азаматтар жүзу құралының қозғалтқышының ақаулығынан жағаға қайтып келе алмаған. Құтқарылған адамдарға медициналық көмек қажет болмаған. 

Перизат Саденова
Бөлісу: