Каспий теңізінде бесінші рет жер сілкінді

Бүгiн, 11:36 163

Каспий теңізінде бесінші жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы (ҰҒА) жанындағы Республикалық сейсмологиялық барлау орталығының сейсмографтарының мәліметінше, жер сілкінісі кеше, 7 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 04.17-де болған.

Оның ошағы 39 шақырым тереңдікте орналасқан. Магнитудасы – 3,1 балл.

Зілзала ошағынан Ақтауға дейінгі қашықтық шамамен 326 шақырым.

Координаттары: 40°45′36″ солтүстік ендік, 51°36′0″ шығыс бойлық.

Перизат Саденова
Бөлісу: